27.04.2026, 12:55 3176
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы жеделхатта Король күні мерекесінде көрініс тапқан ұлттық ынтымақ пен бірлік құндылықтарының арқасында Нидерланд алдағы уақытта да өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Қазақстан - голландықтардың өнері мен мәдениетінде тамыр жайған қызғалдақтың түп отаны. Бүгінде ол халықтарымыз арасындағы достықтың символына айналды. Біз Нидерландпен арадағы уақыт тезінен өткен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз әрі қос халықтың игілігі үшін түрлі саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілміз, - делінген хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Виллем-Александрдың игі бастамаларына табыс, сондай-ақ Король отбасы мен Нидерланд халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.04.2026, 21:03 1416
Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі екі ел делегациясының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израильдің сан қырлы байланыстары ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті.
- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдеріміз арасында достық қарым-қатынас орнады. Израиль Мемлекеті Қазақстанның егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындады. 1993 жылы дипломатиялық өкілдіктерімізді аштық. Содан бері белсенді саяси диалог қалыптасты. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықта елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, Ибраһим келісімдері өңірлік тұрақтылыққа, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға берік негіз қалайды.
- Өзіңізге мәлім, Қазақстан бұған дейін қабылдаған шешімін ұстанады. Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімін таяу келешекте Астанада ұйымдастыруға болады деп есептейміз. Сонымен қатар жасанды интеллект және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Биыл Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрландыру жылы болып жарияланды. Мен бұл мәселеге айрықша мән беремін, - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Ицхак Герцог Қазақстан мен Израиль арасындағы әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
- Президент мырза, Қазақстан толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетіп отыр. Сол үшін Сізге алғыс айтамын. Сонымен қатар екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік мол екеніне назар аударғым келеді. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдай аламыз. Атап айтқанда, біз тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделіміз. Ол іскерлік және сауда қатынастарына оң ықпал етеді. Бұдан бөлек, екіжақты құқықтық-келісімшарт базасын кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде бірқатар келісім, соның ішінде қосарланған салықты алып тастау туралы уағдаластық пысықталып жатыр, - деді Израиль Президенті.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ бірлесе күш жұмылдыра отырып серіктестікті жаңа әрі сапалы кезеңге шығаруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.04.2026, 18:01 2651
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсім өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттер бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Содан соң мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз өтетін залға барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен еліміздің төрінде жүздескеніне қуанышты екенін айтты.
- Ең әуелі, екі ел арасындағы қарым-қатынастың іргесін қалауға Сіздің әкеңіз, Израиль Мемлекетінің бұрынғы Президенті Хаим Герцогтың ерекше еңбек сіңіргенін атап өткім келеді. 1992 жылдан бері қос халық ортасында тығыз достық байланыс орнады. Өзара ынтымақтастықта, әсіресе, экономика және саяси бағыттарда елеулі табысқа қол жеткіздік. Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді. Бүгін біз өзара экономикалық байланыстарымызға қатысты көптеген мәселені талқылаймыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті мейлінше пайдалану керек, - деді Мемлекет басшысы.
Израиль Президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.
- Қазақстанға үнемі келгім келетін еді. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Өйткені қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естідім. Менімен бірге өзара серіктестігімізге, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін сарапшылар келді. Әлем жаңа дәуірге қадам басқан кезеңде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор, - деді Ицхак Герцог.
Сонымен қатар Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.04.2026, 16:57 1941
Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.04.2026, 11:09 55411
Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екі ел арасындағы дәстүрлі бауырластық қарым-қатынастарды атап өтті.
БАӘ Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктесі болып табылады және екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық негізгі салаларда дәйекті нығайып келеді", - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Екі ел басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Тараптар энергетика, көлік, инфрақұрылым, инновациялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Экономикалық ынтымақтастық әрқашан біздің серіктестігіміздің берік негізі болды. Бүгінде БАӘ өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады және біз жаңа бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделіміз", - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Е.Көшербаев өңірдегі қазіргі ахуал тұрғысынан Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен ынтымақтастығын растап, ушығудың алдын алудың және барлық қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттарына негізделген саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАӘ Президентіне 2026 жылдың 28-29 мамырында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысуға ресми шақыруды табыс етті.
Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян қазақ тарапына қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық күш-жігерді ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, іс жүзіндегі іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты және көпжақты форматтарда тығыз үйлестіруді жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 23:56 50926
Қазақстан мен Латвия екіжақты қатынастарды тереңдетуге ұмтылысын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал латвиялық делегацияны ЛР СІМ Бас хатшысының орынбасары - саяси директор Иварс Ласис жетекшілік етті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір бөлісті.
Көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. А. Исетов Латвияның Балтық өңіріндегі маңызды көлік-логистикалық хаб екеніне назар аударып, Қазақстанның латвиялық тараппен жаңа маршруттық коммуникацияларды одан әрі дамыту ниетін растады. Бұл тұрғыда тараптар екі елдің көлік органдары арасындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды құптады.
И. Ласис ү.ж. мамыр айында жоспарланған Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі А. Краузенің Астанаға сапарының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, Қазақстан әлемдегі ірі бидай экспорттаушылардың бірі болып табылады, өз кезегінде Латвия ветеринария, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.
Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар өзара құрмет, ашықтық және прагматизм қағидаттары негізінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 23:47 51896
Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болып қайтты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ЖОО ректоры Виктор Садовничиймен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Көптеген жылдар бойы ММУ Қазақстан үшін де жоғары білікті кадрларды дайындап келедіжәне екі мемлекет арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастардың дамуына елеулі үлес қосуда.
Мәселен, бүгінде Мәскеудегі университет қалашығында тұрып, 130-дан астамқазақстандық студент білім алуда. Ал ширек ғасыр бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан ММУ-дың Қазақстандағы филиалы көптеген талапкерлерге елден шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта онда 720-ға жуық адам күндізгі бөлімде оқиды. Бұл университеттің бірегейлігінің, сұранысқа ие екендігінің және білім беру әлеуетінің дәлелі.
Тараптар белсенді ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Бірлескен жобалар мен зерттеулер екі елдің игілігі үшін нақты секторларда өздерінің практикалық қолданысын табатынына сенім білдірілді.
Студенттер алдындағы дәріс барысында Елші Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол 2026 жылғы жаңа Конституцияны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың институционалдық реформаларының қисынды жалғасы деп атады. "Оның негізгі идеясы - мемлекеттіліктің неғұрлым тұрақты, үйлестірілген және бейімделген моделін қалыптастыру. Бұл болашақтың стратегиялық жобасы және оны дәйекті іске асыру Қазақстанның ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне сәтті төтеп беріп, ұзақ мерзімді перспективада өзінің мемлекеттілігін нығайтуына бағытталған", - деп атап өтті Д.Абаев.
Дәріс жанды, интерактивті сипатта өтті. Баяндама барысында Елші аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 22:55 51331
СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанға Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысу үшін келген БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Еуропалық өңірлік кеңсесінің директоры Арнольд Крейлхуберді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Ашықбаев ЮНЕП өкілін саммит аясында ҚР Үкіметі мен Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылуымен құттықтады. Аталған құжат ұзақ мерзімді бірлескен бастамаларды іске асыру үшін институционалдық негіз қалыптастырады.
Қазақстандық дипломат еліміздің орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және өңірлік өзара іс-қимылды нығайту салаларындағы дәйекті саясатты ұстанатынын атап өтіп, экологиялық күн тәртібін іске асыруға және экологиялық форумды өткізуге атсалысқаны үшін ЮНЕП-ке алғыс білдірді.
Өз кезегінде, А.Крейлхубер келісім аясында ЮНЕП-тің Алматы қ. Орталық Азияға арналған субөңірлік кеңсесінің негізінде құрылғын Өңірлік экологиялық хабты Орталық Азиядағы күш-жігерді шоғырландыруға арналған платформа, сондай-ақ озық тәжірибе мен ғылыми сараптама орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Саммиттің қорытындылары мен қабылданған құжаттарды іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағытында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 22:42 51406
Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының Басқарушы кеңесінің құрамына кірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) 52 мүше мемлекеті арасындағы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің құрамына сайланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан атап өткендей, аталған шешім Қазақстанның өңірлік ғылыми-технологиялық күн тәртібіндегі белсенді қатысушы ретіндегі ұстанымының нығаюын, сондай-ақ тұрақты әрі инклюзивті дамуды ілгерілетуге қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуын растайды.
Басқарушы кеңес құрамына кіру елге технологиялар трансферті саласындағы өңірлік тәсілдерді қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Бұл, атап айтқанда, аса маңызды технологияларға неғұрлым ашық әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жәрдемдесуді қамтиды.
Кеңес жұмысына қатысу елге озық технологияларды, инвестицияларды және жоғары білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ жетекші ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, бұл отандық инновацияларды өңірлік деңгейде ілгерілетуге жағдай жасап, Қазақстанның сенімді серіктес әрі заманауи технологиялық шешімдерді жеткізуші ретіндегі рөлін нығайтады.
Басқарушы кеңес құрамына сайлану Қазақстан Республикасының инновациялық экономиканы дамытуға және жаһандық технологиялық үдерістерге ықпалдасуға бағытталған мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2026, 21:57Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму 24.04.2026, 14:53 88656Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды27.04.2026, 11:09 55651Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады24.04.2026, 23:47 52141Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды24.04.2026, 22:55 51576СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды
10.04.2026, 23:02 726656Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 473431Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 473356Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады473281Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 461991Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

