04.01.2026, 20:40 33891
Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.03.2026, 10:37 266
UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Ирандағы дипломаттар 6 наурызда "Заркух" компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған "Заркух" компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 19:00 25401
Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елші Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Армения арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады. 2025 жылы екі елдің бейінді ведомстволары, сонымен бірге жетекші мұражайлары, кітапханалары мен киноиндустрия ұйымдары арасында қол қойылған екіжақты құжаттардың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Осы орайда үстіміздегі жылдың ақпан айында Месроп Маштоц атындағы "Матенадаран" ежелгі қолжазбалар институты делегациясының Қазақстанға сапарының маңыздылығына назар аударылып, сапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін келістірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 18:58 25606
Словениядағы қазақстандық қауымдастықпен кездесуде Конституциялық реформа талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словенияда тұратын Қазақстан азаматтарымен кездесіп, отандастардың құқықтарын қорғау, дипломатиялық миссиямен өзара іс‑қимыл және шетелдегі қазақстандық қауымдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Елші Қазақстан мен Словения арасындағы жоғары деңгейдегі қатынастарды атап өтіп, азаматтармен ашық диалогтың маңыздылығын және елшіліктің жан‑жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге арналды. Елші конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне тоқталып, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған Конституциядағы негізгі өзгерістерді түсіндірді және отандастарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды.
Дипломат елдің цифрландыру саласындағы жоспарлары туралы айтып, электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейту, экономикаға инновациялық шешімдерді енгізу және халыққа көрсетілетін цифрлық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Осыған байланысты ол қазақстан‑словениялық "AI&Digital Bridge" цифрлық форумына және елшілік ұйымдастыратын басқа да қоғамдық және мәдени іс‑шараларға қатысуға шақырды.
Кездесуге қатысушылар талқыланған тақырыптарға белсенді қызығушылық танытып, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс‑қимыл жасау, білім беру бағдарламаларына қатысу және мәдени бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Қатысушылар саяси реформалар, цифрлық жобалар және консулдық қызметтер туралы өзекті ақпараттың маңыздылығын атап өтті.
Кештің ерекше сәті Любляна университетінің Музыка академиясында оқитын қазақстандық талантты студенттердің өнер көрсетуі болды. Олар Евгений Брусиловскийдің "Боз айғыр" шығармасын орындап, кездесудің жарқын мәдени акцентіне айналды және Қазақстан мен Словения арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға жастардың қосқан үлесін көрсетті.
Кездесуді қорытындылай келе, Елші мұндай іс‑шаралар шетелдегі қазақстандық қауымдастықтың бірлігін нығайтуға және Қазақстанмен тұрақты байланысты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 17:37 25806
Астана мен Хельсинки конституциялық реформалар аясында сараптамалық серіктестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Хельсинки университеті жанындағы Александров институты директоры Анна Хеусаламен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік үдерістердің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасып, саяси диалогтың оң серпінін және екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Елші сұхбаттасын 15 наурызда өтетін Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол негізгі конституциялық өзгерістер мен жаңа Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған дәйекті саяси жаңғырулардың заңды жалғасы екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде А.Хеусала Финляндияда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға ерекше назар аударылатынын айтып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулардың ауқымы мен жүйелілігіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, Қазақстан Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын, орнықты әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде сараптамалық және ақпараттық-талдамалық материалдармен жүйелі алмасуға, сұхбаттар ұйымдастыруға, сондай-ақ өзара сапарлар өткізуге мүдделілік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 16:51 26006
Каирде Таяу Шығыстағы жағдай және Қазақстанның конституциялық жаңғыруы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс араб әлемінің көрнекті саясаткері, Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі Араб мемлекеттері лигасының экс-Бас хатшысы Амр Мұсамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесудің басты тақырыбы Таяу Шығыстағы ахуал болды. А.Мұса аймақтағы шиеленістің артуына терең алаңдаушылық білдіріп, қазіргі жағдайдың халықаралық қауіпсіздікке төндіретін қатері зор екенін ескертті. Ол кез келген қақтығысты шешуде дипломатиялық жолдың баламасыздығын айтып, аймақты одан әрі дестабилизациядан сақтап қалу үшін бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.
Тараптар 15 наурызда өтетін референдум қарсаңындағы Қазақстанның конституциялық жаңғыру барысын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекеттік құрылым саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, А.Мұса еліміздің бір палаталы парламентке көшуі мен вице-президент лауазымын енгізу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, "жаһандық құбылмалылық" кезеңінде билік институттарын нығайту Қазақстанның саяси жүйесін сыртқы сын-қатерлерге төзімді әрі сыртқы серіктестер үшін сенімді ете түседі.
Қазақстанның даму жолына шынайы қызығушылық танытқан мысырлық дипломат алдағы уақытта елімізде өтетін халықаралық форумдар мен маңызды іс-шараларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Ол дипломатия және құқықтық даму мәселелері бойынша екіжақты сарапшылық диалогты нығайтуға ниетін білдірді.
Амр Мұса - Мысыр мен әлемдік дипломатияның ардагері. Ол 1991-2001 жылдар аралығында Мысырдың СІМ басқарып, Ливандағы азаматтық соғысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды. 2001-2011 жылдары Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы болды. 2013 жылы Мысырдың жаңа Конституциясын дайындаған комитетке жетекшілік етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 15:54 26341
Вашингтонда Орта дәлізді дамыту және өңірлік ынтымақтастық басымдықтары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Каспий саясаты орталығы (Caspian Policy Center) алаңында "Жаңа және кеңейтілген Орталық Азия: Транскаспий бағытын дамытудың келесі қадамдары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Орта дәліздің перспективалары мен өңірлік кооперацияны нығайту мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Талқылауға Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Әзербайжан мен Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ америкалық сарапшылық қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде М.Ілиясов Қазақстанның Орталық Азиядағы серіктестікті тереңдетуді және Әзербайжанмен стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуді дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, "C6" форматының іске қосылуы Еуразия кеңістігінде көлік, сауда және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың неғұрлым прагматикалық тұрғыда қалыптастырылған моделіне көшуін білдіреді.
Елші өңір елдерінің орнықты экономикалық өсімі ауқымды нарық қалыптастырып, өзара сауданы ынталандырып, Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығын арттырып отырғанын атап өтті. Қазақстан көршілес мемлекеттердің ілгерілеуін ашықтық, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттарына негізделе отырып, бүкіл өңірдің ұзақ мерзімді орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде қарастырады.
Қазақстан негізгі транзиттік-логистикалық буын ретінде әрекет ететін Орта дәліздің дамуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту, Каспийдегі порт қуаттарын кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу және рәсімдерді оңтайландыру жүк жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартып, контейнерлік тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, транскаспий күн тәртібінің "C5+1" форматының экономикалық бағытымен, оның ішінде АҚШ-пен аса маңызды минералдар, озық технологиялар және инвестициялар тарту салаларындағы ынтымақтастықпен өзара үндестігі атап өтілді.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, оның барысында қатысушылар Транскаспий бағытын одан әрі дамыту және Орталық Азиядағы орнықты өсімді нығайту жөніндегі практикалық қадамдарды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 14:43 26536
Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың кезекті легі келді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Таяу Шығыс елдеріне сапармен барған қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен оралды. Жолаушылар бүгін "Air Astana" әуе компаниясының ұшағымен Ақтау халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұшып келген азаматтардың басым бөлігі әрі қарай Алматы қаласына жол тартты.
Азаматтар шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктер тарапынан тұрақты байланыс орнатылып, жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Арнайы чаттар ашылып, ақпараттық және құқықтық көмек берілген. Қонақ үй мен тамақ мәселесі де шешімін тапқан.
- Біз Сауд Арабиясы, Жидда, Доха, Катар бағыттарынан жиналып, Умра сапарынан кейін Жидда қаласына топтастырылдық. Сол жерден ұйымдастырылған рейспен Ақтауға жеттік. Араға 2-3 күн кідіріс түскені болмаса, жағдайымыз жақсы болды. Сыртқы істер министрлігі мен елшілер толық қолдау көрсетті. Құжат рәсімдеу барысында да көмектесті. Осындай сәтте еліміздегі тыныштық пен тәуелсіздіктің қадірін тереңірек түсінеді екенсің. Қазақ халқына, мемлекет басшысына алғысымды айтқым келеді. Барша қазақстандықтарға бірлік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын, - деді Ақтау қаласының тұрғыны Бирюза Ищанова.
Айта кетейік, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанға оралған азаматтардың жалпы саны 2 151 адамды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 13:35 26741
Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының Елшісі Антония Кацуруды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы аталып өтті.
Грекия - Жерорта теңізі өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктесі. Біз шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімізді білдіреміз", - деп атап өтті А.Исетов.
Өз кезегінде, А.Кацуру Афинаның Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап, туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 16:45 201571Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды04.03.2026, 15:34 201556Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті04.03.2026, 20:25 201531Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді04.03.2026, 14:31 201496Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
04.03.2026, 10:54 236491Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229811Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229291Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229286Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229241Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

