03.12.2025, 10:35 42161

Сербияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Сербияда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: gov.kz
Сербия Республикасының Ябланички және Пчински округтерінде (Сербияның Оңтүстік-Шығысы) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич, Лесковац пен Вранье қалаларының басшылары, түрлі ведомстволар мен дін өкілдері, сондай-ақ, болу елінің академиялық және іскер топтарының мүшелері қатысты.

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Солтүстік Македония және Болгария сияқты мемлекеттермен жалғастыратын Сербияның стратегиялық маңызды көлік дәлізінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Н.Рашевич, Шығыс пен Батыстың тоғысқан нүктесінде орналасқан жаңа Қазақстан өкілдігі елдің бизнес өкілдерін өзара тиімді байланыс орнатуға ынталандыратынына сенім білдірді.

Предеяне қаласындағы Құрметті консул қызметіне белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович тағайындалды.

Предеяне қаласындағы ҚР өкілдігі осымен Сербиядағы үшінші Құрметті консулдығы. Бұған дейін, 2023 жылы, Ужице қаласында ашылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны