27.03.2026, 13:34 1756
Швейцариядағы отандастар Наурыз мейрамында бас қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі "Бірлік" Қазақстан-Швейцария қауымдастығымен бірлесіп, Швейцарияның түрлі кантондарында тұратын қазақ диаспорасы өкілдері мен отандастардың басын қосқан мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қайрат Саржанов Наурыздың жаңару, бірлік пен жасампаздықтың символы ретіндегі маңызын атап өтіп, оның қоғамдағы келісім, сабақтастық және тұрақты даму құндылықтарын бейнелейтінін жеткізді. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануына ерекше назар аударылып, бұл қадам мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуда, демократиялық институттарды дамытуда және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуде маңызды рөл атқарғаны айтылды.
Шетелде мәдени бірегейлікті сақтау, ұлттық дәстүрлер мен ана тіліне құрмет отандастарды біріктіретін маңызды фактор екендігі аталып өтті. Осы тұрғыда "Бірлік" қауымдастығының қазақ диаспорасы арасындағы байланыстарды нығайтудағы, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаудағы маңызды рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында Халықаралық түркітілдес мұғалімдер қауымдастығы шетелдегі отандастар арасында қазақ тілін насихаттау жөніндегі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, "Тәтті ертегі" мәдени-білім беру жобасы аясында "Шахматшы қонжық" атты балалар кітабының тұсаукесері өтті.
Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінің байлығын көрсететін ұлттық музыка, әндер мен билерден тұратын концерттік қойылымдарды қамтыды. Қонақтар интерактивті ойындарға қатысып, ұлттық тағамдар ұсынылған дастархан басында қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен танысты.
Іс-шара мәдени байланыстар мен ұлтаралық диалогты нығайтудың маңызды алаңына айналып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Бұл өз кезегінде мәдени бірегейлік пен бірлікті сақтаудың маңыздылығын тағы да дәлелдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2026, 13:53 2516
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шаңхай қаласында Бірінші халықаралық шетел инвестициялары конференциясы өтті (Overseas Investment Fair 2026), деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара Қытай компанияларының шетелдік инвестициялық қызметін ілгерілетуге бағытталған жаңа мамандандырылған алаңы ретінде қарастырылып отыр. Қытайдың халықаралық инвестицияларды ілгерілету жөніндегі кеңесі, Шаңхай қаласының муниципалдық үкіметі мен бейінді мемлекеттік құрылымдары бұл іс-шараны Shanghai Eastern Hub International Business Cooperation Zone базасында ұйымдастырды.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, сонымен бірге "QazTrade" Акционерлік қоғамының Нанкин, "Khan Tengri Innovation Hub" компаниясының Шаңхай қалаларындағы өкілдері қатысты.
Конференция жұмысы шетел инвестициялары тақырыбына арналған көрмелер, G2B/В2В кездесулер мен келіссөздер форматында өтті. Форум жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, инвестициялық агенттіктердің, сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Fortune Global 500 деңгейіндегі корпорацияларды қоса алғанда, ірі қытайлық және халықаралық компаниялар қатысты.
ҚР-дың Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған жеке панельдік сессиясын ұйымдастырды. Бас консул Н.Аққошқаров аталған сессия кезінде қатысушыларды инвестицияларға арналған елдегі шараларымен таныстырды. Таныстыру кезінде Еуразиялық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетіне, ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қ.Есболатов сессияда Алматы облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру кезінде, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдық берілетін салалары, өнеркәсіп кешендері мен туристік әлеуеттері мен басқа инвестжобаларды таныстырды. Алматы облысында салуға жоспарланған Alatau City жаңа қаласы туралы ақпарат Қытай инвесторлары арасында қызығушылық тудырды.
Сессиядан кейін ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған G2B/B2B форматындағы екіжақты келіссөздер барысында қытайлық компаниялары өндіріс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу, логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды.
Қорытындылай келе, OIF 2026 форумына қазақ тарапының қатысуы ҚХР жаңа бейінді алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жүйелі түрде ілгерілетуге, әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 12:49 2966
Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің Әзербайжан Республикасы Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі Мұхтар Бабаевпен кездесуінде мәлімденді. Тараптар экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерді, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, алдағы бірлескен іс-шараларға дайындық және табиғатты қорғау саласындағы халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ә.Байел әзербайжан тарапын 2026 жылғы 22-24 сәуір күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит жұмысына белсенді қатысуға тағы да шақырды. Саммит аясында Каспий теңізі деңгейінің төмендеу себептерін зерттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді. Тараптар бұл кездесудің Каспий теңізі акваториясында бірыңғай өңірлік экологиялық қауіпсіздік жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт білдірді.
Елші сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы айтып берді. М. Бабаев Әзербайжан Республикасы Қазақстан көшбасшысының бұл бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеп, бұл қадамды жаһандық климаттық сын-қатерлер жағдайында су ресурстарын басқару саласында қордаланған мәселелер тұрғысынан аса өзекті деп сипаттады.
Әзербайжан Президентінің өкілі мұндай ұйымды құру бастамасының уақтылы екенін атап өтті. Оның айтуынша су мәселелері бүгінде тек экологиялық сипатқа ие болып қана қоймай, қауіпсіздік пен экономикаға да тікелей әсер етеді, сондықтан оларды жүйелі түрде шешу қажет.
М. Бабаев Астана мен Бакудың қоршаған ортаны қорғау және климат мәселелеріндегі күш-жігерінің үйлесуі екі елдің ұлттық мүдделеріне сай келетінін, сондай-ақ бүкіл Каспий өңірінің орнықты дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Жалпы, тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалап, экология саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 11:51 2741
Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Конгресі депутаттарының мүшесі Мария Лус Мартинеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бағытта және көпжақты алаңдар аясында парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын талқылады.
Елші жақында қабылданған Конституцияның негізгі қағидаттарын таныстырып, жаңартылған Негізгі заң елдің Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.
Испандық депутат өз кезегінде жүзеге асырылған өзгерістерге оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді дамыту мен елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызын айқындады.
Сондай-ақ ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты еліміздің білім және ғылым саласындағы өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне тоқталды. Тараптар академиялық алмасуларды кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты диалогты қолдау және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы шеңберінде өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 20:46 3381
Камерун астанасында Қазақстанның негізгі реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Камерун Республикасының Яунде қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 14-ші Министрлік конференциясы (МК-14) қарсаңында Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев ДСҰ-ға қосылу мәселелері бойынша 14-ші Қытай дөңгелек үстеліне спикер ретінде қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстелге ДСҰ-ға қосылу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі елдер, ДСҰ мүшелері және халықаралық серіктестер қатысып, қосылу, экономикалық реформалар жүргізу және жаһандық сауда жүйесіне интеграция мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ-ға қосылу процесі жоғары деңгейдегі институционалдық дайындықты және мемлекеттік саясаттың үйлесімділігін талап ететінін атап өтті. Қосылудың табысты болуы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді үйлестіруге, ұлттық басымдықтарды нақты айқындауға және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға байланысты екені айтылды.
Қазақстан тәжірибесіне сүйене отырып, реформаларды кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүргізу неғұрлым болжамды әрі тұрақты сауда ортасын қалыптастыруға ықпал ететіні аталып өтті. Қазақстан 2015 жылы ДСҰ-ға қосылғаннан бері елдің сыртқы сауда айналымы екі есеге жуық өсіп, 140 млрд. АҚШ долларынан асты, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 200 млрд. АҚШ долларынан асып, оның ішінде шикізаттық емес секторларға бағытталған инвестициялар да бар.
Сөз барысында ДСҰ қызметіне толыққанды қатысуға көшу қажеттілігі атап өтілді, оның ішінде комитеттер жұмысына қатысу, келіссөздерге қатысу және ұйым құралдарын тұрақты негізде пайдалану мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі қосылу процестері өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні, бұл теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер үшін ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары ДСҰ-ға қосылуға деген қызығушылықтың әртүрлі өңірлерде, оның ішінде Африкада жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өтті, бұл көпжақты сауда жүйесіне экономикалық интеграция мен реформаларды жүргізудің тиімді алаңы ретінде деген сенімнің сақталып отырғанын көрсетеді.
Қазақстан ДСҰ-ға қосылу процесінің барлық кезеңдерінде елдермен практикалық тәжірибе алмасуға және қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясының ресми ашылуы 2026 жылғы 26 наурызда Яунде қаласында өтеді және төрт күнге созылып, 2026 жылғы 29 наурызға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 19:44 3556
Берлин қазақстандық қызғалдақтарды достық пен көктемгі жаңарудың символы ретінде қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Берлинде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігіне табыстаған қызғалдақтарды отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов пен Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Статс-хатшысы Маркус Шик қатысты.
Өз сөзінде Статс-хатшы Еуропада көктемнің танымал символдарының біріне айналған қызғалдақтардың тарихи отаны қазіргі Қазақстан аумағы екенін атап өтті. Ол Қазақстан үкіметіне алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сенімді нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстанның Германиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Н.Онжанов Наурыз мерекесі күндері өткізіліп отырған бұл рәсімнің ерекше мәнге ие екенін, оның жаңару, үйлесім және халықтар достығы идеяларын бейнелейтінін атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін дәстүрлі қазақ музыкасы шырқалып, көктемгі мерекелік көңіл күй мен мәдени жақындастық атмосферасын қалыптастырды.
Рәсімнің шарықтау шегі ретінде гүл пиязшықтарын бірлесіп отырғызу өтті. Бұл әрекет серіктестік, бірлік және екі елдің жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді.
Отырғызылған қызғалдақтар Қазақстан мен Германия арасындағы достықтың жарқын символына айналып, Наурыз мерекесінің негізінде жатқан жаңару, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын айқындай түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 18:42 3716
Қатарда казақстандық еріктілердің эвакуациялық шараларға қосқан үлесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі өңірдегі төтенше жағдай кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосқан Қатарда тұратын қазақстандық еріктілермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев еріктілердің жоғары жауапкершілігі мен қиын жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.
Елші өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Ерікті болу - игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу" деген сөздерін келтіріп, бұл қағидаттардың аталған жағдайда толық көрініс тапқанын жеткізді.
Сонымен қатар, еріктілердің қызметі шынайы патриотизм мен азаматтық бірліктің жарқын үлгісі екені айтылды. Қиын әрі қауіпті кезеңге қарамастан, қазақстандық еріктілер Елшілікпен бірге үйлесімді түрде ұйымшылдық, батылдық пен жанашырлық танытып, Қазақстан азаматтарына, оның ішінде балаларға, әйелдерге және мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетті.
Жалпы, Катардағы қазақстандық еріктілер эвакуацияның барлық кезеңдері барысында Елшіліктің ұйымдастыру жұмыстарына елеулі үлес қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2026, 17:39 3866
Жапония Парламентінің Спикері Қазақстанның жаңа Конституциясымен таныстырылды
Достарға айту
Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Эйсуке Моримен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Баударбек-Қожатаев жапон саясаткерін ағымдағы жылғы
1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан жаңа Конституциясының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы жаңартылған конституциялық қағидаттар мен құндылықтардың қоғамдық қолдауының жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті. Сұхбаттасушыға азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге және барлық этностар мен қоғамдық топтардың өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қоғамдық-саяси институттардың - "Құрылтай" мен "Халық Кеңесі" функциялары түсіндірілді.
Өз кезегінде Э.Мори Қазақстанды "дана ел" деп атап, мемлекеттегі саяси өзгерістерді және Астананың халықаралық бастамаларын жоғары бағалады. Спикер жаңа Конституцияның қабылдануы елдің одан әрі дамуы үшін маңызды жетістік болып табылатынын мәлімдеп, Қазақстанмен тығыз парламентаралық байланыстарды жалғастыруға мүдделілігін білдірді. Ол республиканың елеулі экономикалық әлеуетін және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар парламентаралық диалогты, соның ішінде Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы желісі бойынша, одан әрі нығайтудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.03.2026, 23:13 4356
Қатар Парламенті Қазақстандағы референдум қорытындыларын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Хасан бен Абдулла Әл-Ғаниммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйін талқылап, оны одан әрі нығайтудың басым бағыттарын айқындады. Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ дипломаты жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, елдің институционалдық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.
Өз кезегінде қатарлық тарап референдум нәтижелері қоғамның жүргізіліп жатқан реформаларға кең қолдауын айқын көрсететінін атап өтіп, жаңартылған конституциялық модель мемлекеттің орнықты дамуы мен институттарының тиімділігін арттыруға берік негіз болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, тараптар жоғары деңгейдегі өзара сапарлар қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Осы орайда, екі ел халықтары арасындағы өзара құрмет пен қолдауға негізделген дәстүрлі достық қатынастардың мазмұны жаңа серпінмен толығып, одан әрі нығыйып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі алғышарты ретінде қайшылықтарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығы айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.03.2026, 09:13Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды 30.03.2026, 10:04 3936Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті30.03.2026, 12:00 3206Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме30.03.2026, 12:49 3166Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды30.03.2026, 11:51 2941Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды
26.03.2026, 19:28 172241Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 20:42 172171Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 172166Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 172111Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 170781Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
04.03.2026, 10:54 239231Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады17.03.2026, 17:12 223681Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 223456Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 223196Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 10:44 223186Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті

