20.03.2026, 23:20 1441
Ташкентте қазақ-өзбек ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Өзбекстан Республикасына жоспарланған ресми сапарына, Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелері, сондай-ақ қазақстан-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде өңірлік өзара іс-қимылды нығайту үшін Өңірлік экологиялық саммиттің маңыздылығын атап өтіп, оның бірыңғай өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы және нақты жобаларды іске асырудағы рөлін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.
Елші Б.Атамқұлов өзбек тарапына аталған ұйымның су ресурстары саласындағы мемлекетаралық үйлестіруді күшейтуге бағытталған артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.03.2026, 16:23 126
ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ сұхбаттасушылар екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.
Е.Көшербаев өңірдегі шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның барлық даулы мәселелерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайтынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруге бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 15:20 1251
БҰҰ штаб-пәтерінде Наурыз Мейрамы аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Наурыз Мейрамын атап өтуге арналған ресми іс-шара өтті. Іс-шараны Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдіктері ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Наурыздың өңір елдерінің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, оның жаңару, тату көршілік және бірлік құндылықтарын бейнелейтінін жеткізді. Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бұл мерекенің маңызы арта түсіп, диалогты, өзара түсіністікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні аталып өтті.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жылғы 15 наурызда Қазақстанда өткен республикалық референдумға тоқталып, оның елдің саяси жаңғыруға және демократиялық институттарды нығайтуға бейілділігін айқындайтын маңызды кезең болғанын айтты. Аталған референдум, Наурыз мейрамы секілді, жаңару, ілгерілеу және неғұрлым әділетті әрі инклюзивті қоғам құруға ұмтылыстың символы екені атап өтілді.
Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында еліміз "Әлқисса" балалар фольклорлық ансамблінің "Алтын адам" атты музыкалық-театрландырылған қойылымымен таныстырылды.
Іс-шара барысында Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеті мен ұлттық мұрасын кеңінен таныстырған көрме ұйымдастырылып, онда ұлттық қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі музыкалық аспаптар ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 14:55 1421
Мәскеуде Наурыз мерекесі аталып өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ВДНХ аумағындағы "Қазақстан" павильонында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер қатысты.
Қазақстанныңқ студеегі Елшісі Дәурен Абаев Наурыздың жаңару символы екенін және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен бірге атап өтуде екенін мәлімдеді. "Ғасырлар өте келе біздің әлеуметтік-тұрмыстық және өркениеттік өмір салтымыз түбегейлі өзгерсе де, бұл мерекенің мағынасы әлі де өзекті болып қала береді, тіпті одан да құдіретті және жан-жақты бола түсуде" - деді Елші.
Ресей қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері іс-шара барысында қатысушыларға өз жылы лебіздерін білдірді.
Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Алимова Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті. "Бұл біздің Отанымыз, біз өзіміздің шығу тегімізді ұмытпауымыз керек", - деді ол.
Жолдастық" қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамының дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтуде екеніне және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ, қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.
Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары заманауи қазақ өнерінің бүкіл әдемілігі мен байлығын көрсеткен концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтіп, Мәскеуге қазақ мәдениетінің бір бөлігімен бірге көктемгі жылулықты, позитивті көңіл-күйді және болашаққа деген сенімді алып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 13:37 271
Қазақстанның су ұйымын құру жөніндегі бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында ұсынылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров 2026 жылғы Дүниежүзілік су күніне арналған "Су және гендерлік теңдік" тақырыбындағы іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ол судың қоғамдық денсаулық сақтаудың, азық-түлік қауіпсіздігінің және орнықты дамудың негізі екенін, ал су ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету әділеттілік пен инклюзивтілік мәселелерімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Көптеген елдерде әйелдер мен қыздар су тапшылығының салдарын қатты сезінуіне ерекше назар аударылды, ал олардың су ресурстарын басқару процестеріне қатысуы жеткіліксіз болып қалады.
Қазақстан тарапы климаттың өзгеруі, экожүйелердің тозуы, орнықсыз тұтыну және гидрологиялық циклдің бұзылуы салдарынан жаһандық су ресурстарына түсетін қысымның артып келе жатқанын атап өтті. Қауіпсіз ауыз су мен санитарияға қолжетімділіктің тапшылығы сақталып отырған жағдайда, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және су саласындағы жаһандық басқаруды жетілдірудің айрықша маңызға ие екені баса айтылды.
Осыған байланысты, іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың БҰҰ-80 реформасы процесінің шеңберінде БҰҰ қамқорлығымен мамандандырылған халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырылды. Бұл бастама институционалдық тиімділікті арттыруға, функциялардың қайталануын қысқартуға және су күн тәртібіне тиісті саяси мән беруге бағытталған.
Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша алғашқы халықаралық консультацияларды ү.ж. сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында өткізу жоспарланып отырғаны жария етілді. Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен серіктестерді су күн тәртібі бойынша одан әрі диалогқа белсенді қатысуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 12:34 416
ЕҚЫҰ-да Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындылары хабардар етілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Мария Телалианның жыл сайынғы баяндамасы барысында Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен қатысушы мемлекеттердің өкілдерін ү.ж. 15 наурызда өткен Республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, референдумға 9 миллионнан астам азамат қатысып, елдің жаңа Ата Заңын қабылдауды дауыс беруге қатысушылардың 87,15 пайызы қолдағаны атап өтілді. Осылайша, референдум өтті деп танылды, ал жаңа Конституция - Қазақстан халқының еркін ерік білдіруі нәтижесінде қабылданды.
Дауыс беру қорытындылары конституциялық реформаны кеңінен қоғамдық қолдауды айғақтайтыны және елде демократиялық процестің табысты жүргізілгенін растайтыны атап өтілді. Жаңа, шынымен халықтық Конституция ресми түрде 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.
Сөз барысында жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру ұлттық заңнаманы ауқымды жаңартудың негізі болатыны баяндалды. Алдағы кезеңде Парламентке Президент институтын, Құрылтайды, Халық кеңесін, сондай-ақ елорда мәртебесін және елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын реттейтін актілерді қоса алғанда, бес жаңа конституциялық заң енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, тағы сегіз Конституциялық заң мен 60-тан астам нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде негізгі кодекстерді жүйелі түрде қайта қарау қажет болады. Аталған заңнамалық үдеріс алдағы парламенттік сайлаумен үндестірілетін болады, оны өткізу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін көзделеді.
Референдумді халықаралық бағалауға ерекше назар аударылды. ТМД, ТМД ПАА, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымының, ТүркПА, ҰҚШҰ ПА, ИЫҰ және АӨСШК халықаралық байқаушылары дауыс берудің ашық және транспарентті сипатын, азаматтардың кеңінен қатысуын, процестің барлық қатысушыларының құқықтарын сақтауды және еркін, саналы және тәуелсіз таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуді бірауыздан атап өтті.
Осыған байланысты референдум Қазақстанның ұлттық заңнамасына және сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 11:31 566
Қазақстан Конституциясы чех бизнесі үшін жаңа инвестициялық перспективаларға жол ашады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Референдум қорытындылары мен Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылданғаны туралы алғашқылардың бірі болып чех қоғамының өкілдері - "Чех Республикасының Қазақстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі" атты бизнес-семинарға қатысушылар хабардар болды. Чехияның іскер топтарын, салалық бірлестіктері мен сарапшылар қауымдастығын біріктірген бұл іс-шараны "CZ - Чех коммуналдық және энергетикалық технологиялары" консорциумы "FONTES RERUM" зерттеу институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Елшісі Қайрат Әбдірахмановпен қатар, белгілі чех экономисі әрі саясаткері, Чех Республикасының бұрынғы Өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек, көрнекті дипломат, Чехияның бұрынғы Сыртқы істер министрі және БҰҰ Бас Ассамблеясының экс-төрағасы Ян Каван, кәсіпкер, ұйымдастырушы консорциумның жетекшісі Зденек Збытек, Чехия Өнеркәсіп және көлік одағының вице-президенті Франтишек Халоупецкий, сондай-ақ "EGAP" экспорттық сақтандыру компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Марек Длоухи баяндама жасады.
Чех кәсіпкерлеріне Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің еліміздің жаңа Негізгі заңында заңнамалық тұрғыдан бекітілген негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, Конституцияда адам капиталын, білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны, сондай-ақ меншіктің барлық нысандарын қорғау, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын құрметтеу көзделгені атап өтілді. Экономикалық реформалар кешенін іске асыру нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті артып, бюрократиялық кедергілер азайып, атқарушы биліктің жауапкершілігі күшейеді деп күтілуде.
Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда, инвестицияларды өзара тартуда және заманауи технологияларды енгізуде чех компаниялары мен даму институттарының маңызды рөлі атап өтілді. Нақты жобаларды, соның ішінде өткен жылдары қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы алдағы ең жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге, сондай-ақ ірі екіжақты бизнес-форумдарды өткізуге дайындық аясында ерекше мәнге ие болып отыр.
Семинардың өтуі қазақстандық дипломаттардың жергілікті іскер топтармен бұған дейін өткізген кездесулерінің және Чехияның түрлі өңірлеріндегі озық технологиялық әрі өнеркәсіптік компаниялардың қызметімен танысуға арналған жұмыс сапарларының заңды жалғасы болды. Аталған іс-шаралар барысында қазақстандық тараппен серіктестікті тереңдетудің нақты бағыттары нақтыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2026, 10:29 716
Братиславада Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен референдумның қорытындылары талқыланды
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Президентінің сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ян Кубишпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме барысында Елші 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумның қорытындыларымен таныстырып, Негізгі заңның қабылдануымен елдің ұзақ мерзімді, тұрақты дамуының бағыты айқындалатынын, сондай-ақ турбулентті кезеңнің сыртқы және ішкі сын-қатерлеріне жедел жауап бере алатын жаңа кезеңдегі Қазақстанның институционалдық архитектурасы қалыптасатынын атап өтті. Бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, вице-президент институтын енгізу, Халық кеңесін қамтитын көпдеңгейлі қоғамдық диалог жүйесін құру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту конституциялық өзгерістердің ауқымдылығын көрсетеді.
Дауыс беру үдерісіне халықаралық стандарттарға сәйкес өткеніне оң баға берген халықаралық байқаушылардың пікіріне де ерекше назар аударылды.
Я. Кубиш жүргізіліп жатқан конституциялық реформаға жоғары баға берді. Оның пікірінше, референдум қорытындылары қазақстандықтардың Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған ауқымды саяси жаңғырулар мен әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын кеңінен қолдайтынын айқын көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал етіп отырған проактивті сыртқы саясаттың нәтижелілігі аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2026, 22:13 1641
Аддис-Абебада эфиопиялық кофені Қазақстанға экспорттау мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев әлемдік нарыққа кофе экспорттау бойынша Эфиопиядағы жетекші компаниялардың бірі - "Хадид Трейдинг" басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстанға кофе экспортын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат соңғы жылдары Қазақстанда кофе индустриясының белсенді дамып келе жатқанына сұхбаттасушылардың назарын аударды. Осыған байланысты сапалы кофе жеткізетін жаңа серіктестерге, соның ішінде Эфиопиядан келетін өнімдерге деген сұраныс артып отыр.
Сонымен қатар, Елші Қазақстан тек кофені тұтынушы ғана емес, сонымен бірге эфиопиялық кофені көршілес Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Батыс Қытайға экспорттауға арналған хабқа айнала алатынын атап өтті.
Қазақ дипломаты Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық алғышарттардың бар екенін айтты. Бұл, ең алдымен, елдегі тұрақты саяси жағдай және барлық көршілес мемлекеттермен бейбіт әрі тату көршілік қарым-қатынас. Оған қоса, ол Қазақстанның ішкі саяси жаңғыру мен экономикалық дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын, оның аясында негізгі басымдық цифрлық трансформацияға және Қазақстан азаматтары қызметінің барлық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.
Келіссөздердің жалғасында компания Бас директорының орынбасары А.Халифа Елшіге компанияның қызметі туралы ақпарат беріп, Қазақстанға кофе экспортын дамытуға мүдделілік танытты.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі компания өнімімен және халықаралық нарықтарға экспорттау үшін сапалы кофені іріктейтін зертханалық сараптама инфрақұрылымымен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.03.2026, 09:23Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады 20.03.2026, 13:59 2536Ақмола облысында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысы өтті20.03.2026, 14:01 2471Марокколық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық референдумді тарихи оқиға деп бағалады20.03.2026, 15:04 2401Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды20.03.2026, 17:06 2341Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуда
04.03.2026, 10:54 238646Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230821Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 230306Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 230251Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 230246Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

