25.03.2024, 21:54 27711

Тоқаев Индонезияның жаңа президентін құттықтады

Тоқаев Индонезияның жаңа президентін құттықтады
Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.


Мемлекет басшысы Индонезия Президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны