02.07.2025, 15:47 44086

Тоқаев пен Молдова СІМ басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

Президент Молдова Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.

Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.

Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны