18.03.2024, 15:45 25621

Тоқаев Путинді президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Путинді президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны