09.03.2026, 12:08 3381

UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны