11.03.2026, 20:19 3156
Ыстанбұлда Қазақстанның жаңа Конституция жобасы Түркияның жетекші медиа холдингтеріне таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Түркияның жетекші медиа холдингтері - İhlas Medya, Demirören Medya және Albayrak medya компанияларының құралдарының басшылары мен журналистерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесулер барысында Бас консул Қазақстандағы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен елдегі конституциялық реформалардың мәні туралы кеңінен ақпарат берді.
Атап айтқанда, конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара бақылауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтып, қоғамның саяси өміріне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетіні айтылды.
Бұл өзгерістер Қазақстанда "Әділетті Қазақстан" қағидаттарын қалыптастыруға және демократиялық институттарды одан әрі дамытуға негіз болатыны аталып өтті. Түркия медиа өкілдері Қазақстандағы саяси жаңару үдерісіне қызығушылық білдіріп, жүргізіліп жатқан реформалардың елдің тұрақты дамуы мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Кездесулер қорытындысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстандағы реформалар мен қоғамдық-саяси өзгерістер туралы түрік аудиториясына кеңінен ақпарат тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.03.2026, 12:15 391
Қазақстан Еуропалық жария құқық ұйымымен (EPLO) ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) директоры Спиридон Флогаитиспен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның EPLO ұйымымен жария құқық, мемлекеттік басқару, академиялық және сараптамалық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстандық университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен ғалымдардың ұйым өткізетін халықаралық іс-шаралар мен сараптамалық бастамаларға қатысуына ерекше назар аударылды.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы, соның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат берді. Конституциялық реформалар құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.
Өз кезегінде Спиридон Флогаитис Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік институттарды жаңғырту тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол EPLO қызметіне қазақстандық білім беру және ғылыми мекемелерінің белсенді қатысуын, оның ішінде елдің бірқатар жетекші университеттерімен ынтымақтастықты және қазақстандық сарапшылардың ұйымның халықаралық бағдарламалары мен сараптамалық құрылымдарына қатысуын оң бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 11:13 251
Қазақстан мен Иордания тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Көлік министрі Нидал Мурди Абдулла Катаминмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту мәселелерін және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, серіктестікті әрі қарай нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
Қазақстан мен Иордания арасында әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтаумен қатар, жоғары деңгейінде бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, оның ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында салалық ведомстволар желісі бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 10:08 386
Қазақстан мен Мысыр үкіметаралық іс-қимылдың күн тәртібін өзектендіруде
Достарға айту
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысырдың Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрінің орынбасары доктор Самар әл-Ахдальмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылғы ақпандағы Мысыр министрлер кабинетінің ауқымды реструктуризациясын ескере отырып, тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) аясындағы жаңа ұйымдастырушылық механизмдер мен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Осыған байланысты, кездесудің басты тақырыбы осы жылы Астанада өтуі жоспарланған ҮАК-тың алтыншы отырысына дайындық болды. Министрдің орынбасары үкіметтегі қайта құрулардың нәтижесінде комиссия қызметін енді тікелей сыртқы саяси ведомство қадағалайтынын атап өтті.
Пікір алмасу аясында тараптар Таяу Шығыстағы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, осы тақырып бойынша екі елдің Сыртқы істер министрлері арасында жақында өткен телефон арқылы сөйлесудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сұхбаттасын 15 наурызға жоспарланған конституциялық референдумға дайындық барысымен таныстырды.
Кездесу соңында тараптар ҮАК-ты өткізу мерзімдерін жеделдетуге және тұрақты дамудың барлық бағыттары бойынша белсенді диалогты жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 09:49 551
ЮНЕСКО-да Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі тәжірибесі таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Гендерлік теңдік, адам құқықтары, әділеттілік және жауапкершілік - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың және жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды қағидаттары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл Қазақстан делегациясының ЮНЕСКО мүше мемлекеттері мен хатшылығының қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі іс-шарада жасаған баяндамасында аталып өтті. Кездесу Халықаралық әйелдер күніне және Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясына арналды.
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани кездесуде сөз сөйлеп, Ұйымның білім беру, ғылым және мәдени саясат салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне шролу жасады.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов қатысушыларды гендерлік теңдікті ілгерілету және елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі әйелдердің рөлін нығайту саласындағы Қазақстанның кешенді тәжірибесімен таныстырды.
ЮНЕСКО мандаты аясында отандық дипломат цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескере отырып, әйелдердің білім беру, ғылым және инновация салаларына қатысуын кеңейту бойынша қабылданып жатқан шараларға бөлек тоқталды.
Осы орайда Қазақстандағы жоғары оқу орындары студенттерінің 52,5 %-ын қыздар құрайтындығы, шағын және орта кәсіпорындардың 48 %-дан астамы әйелдерге тиесілі екендігі және олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі 55,8 % құрайтындығы атап өтілді. Сонымен қатар, елімізде ғылыми және техникалық салалардағы әйелдерді қолдау, цифрлық ортада және сот төрелігі саласында әйелдерге қатысты кемсітушіліктің алдын алу жобалары жүзеге асырылуда.
Қазақстан ЮНЕСКО-ның гендерлік теңдікке қатысты жаһандық басымдығын толығымен қолдайды. Өз кезегінде, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы, сондай-ақ ЮНЕСКО Кеңсесінің жобалары осы маңызды саладағы өңірлік диалог пен ынтымақтастық үшін тиімді платформа қызметін атқарады", - деді отандық дипломат.
Сөзінің соңында Тұрақты өкіл Қазақстанның бүкіл әлемде және қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік теңсіздікті жою бойынша халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігеріне беріктігін тағы да растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 23:37 1566
Джакартада Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты өңірі және Африка мәселелері жөніндегі жаңа Бас директоры Санто Дармосумартомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Индонезия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
С.Әбдікәрімов контрәріптесіне Қазақстандағы конституциялық және әлеуметтік-саяси реформалар мен елдің жаңа Конституция жобасының негізгі новеллаларын атап өтіп, жобаға қатысты жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтетінін мәлім етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және өзара тиімді серіктестікті дамытуға өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 22:25 1776
Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумды байқауға қатысады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында армян тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстырылып, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумға дайындық барысы туралы хабардар етілді.
Армения ОСК төрағасы референдумға халықаралық байқаушы ретінде қатысатынын растады. Ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту аясындағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сайлау үдерістерін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 21:23 2911
Қазақстан мен Швейцария атом энергетика және жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцарияның Федералдық энергетика басқармасының директоры Бенуа Ревамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде атом энергетикасын және жаңартылатын энергияны дамыту, энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық алаңдарда ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы мен швейцариялық "Axpo Power" концерні арасындағы табысты серіктестік, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен швейцариялық NAGRA ұйымының радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастығы жоғары бағаланды.
Елші Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру туралы швейцариялық тарапты хабардар етті және Астананың атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын растады.
Тараптар жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, соның ішінде гидроэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мүмкіндіктерін талқылады. Перспективалық бағыттар қатарында энергия тиімділігін арттыру, қалдықтарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізу және циркулярлық экономика принциптерін дамыту аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом және "жасыл" энергетика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында екі елдің салалық ұйымдары арасындағы байланыстарды белсендіру туралы келісімге келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2026, 19:16 2401
Қазақстан мен Сауд Арабиясы өңірлік жағдай аясында сауда байланыстарын нығайту жолдарын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Сыртқы сауда жөніндегі бас басқармасы (GAFT) басқарушысының міндетін атқарушы Мұхаммед Әл-Әбделжабармен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты сауданы кеңейту, тауар номенклатурасын әртараптандыру және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Таяу Шығыстағы қазіргі геосаяси жағдай аясында тараптар тұрақты сауда байланыстарын нығайтудың, баламалы логистикалық бағыттарды дамытудың және азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы өңірлік және жаһандық экономикалық тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқара алатыны аталып өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд экономикалық байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2019 жылы Сауд Арабиясы Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылған Сыртқы сауда жөніндегі бас басқармасы (GAFT) қаржылық және әкімшілік жағынан тәуелсіз мемлекеттік ұйым болып табылады және сыртқы сауда саласында кең өкілеттіктерге ие. Өз қызметі шеңберінде "GAFT" Корольдіктің сыртқы сауда саясаты мен стратегиясын әзірлейді, мемлекеттік және жеке сектордың қызметін үйлестіреді, аймақтық және халықаралық сауда ұйымдары мен форумдардағы мемлекеттің мүдделерін қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.03.2026, 11:40Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды 11.03.2026, 12:43 52066Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады11.03.2026, 13:47 51981Сеул қаласында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды10.03.2026, 21:25 51831Түркия сарапшылары жаңа Конституция жобасына жоғары баға берді10.03.2026, 20:20 51736Минскіде Қазақстандағы конституциялық реформалар және ақпараттық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту талқыланды
04.03.2026, 10:54 237781Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229996Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229461Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229456Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229406Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

