13.01.2026, 13:31 636
Жиддада Ауғанстан жөніндегі ИЫҰ Байланыс тобының Кабулға сапарына дайындық талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Министрлік байланыс тобының Кабул қаласына жоспарланған сапарына дайындық аясында ұйымдастырылған техникалық деңгейдегі дайындық отырысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Техникалық кездесу аталған сапарға дайындық және ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін үйлестіру үдерісіндегі маңызды кезең болды. Отырыс барысында қатысушылар ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді пысықтауға, сондай-ақ ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Байланыс тобының Кабул қаласына сапарының күн тәртібін келісуге баса назар аударды.
Дипломаттар алдағы іс-шаралардың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, ИЫҰ-ға мүше елдердің Ауғанстанмен өзара іс-қимыл мәселелерінде үйлестірілген ұстанымының және сапардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Министрлік байланыс тобы 2025 жылғы 21-22 маусымда Ыстамбұл қаласында өткен ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясында қабылданған №61/51-POL "Ауғанстандағы жағдай туралы" қарарының 33-бабына сәйкес құрылды.
Байланыс тобы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ауғанстанға қатысты саяси, гуманитарлық және экономикалық аспектілерді қоса алғанда, күш-жігерін үйлестіру, ынтымақтастықты дамыту және іс-қимылдарының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2025 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан ИЫҰ-ның Ауғанстан жөніндегі Байланыс тобының отырысына қатысты. Байланыс тобының құрамына Қазақстан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Түркия, Пәкістан, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бангладеш, Индонезия, Гамбия, Өзбекстан, Иран, Мысыр және Әзербайжан кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.01.2026, 12:29 936
Нью-Делидегі халықаралық кітап көрмесінде қазақ әдебиеті таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Азия құрлығындағы ең ірі әдеби іс-шаралардың бірі болып саналатын "National Book Fair Delhi 2026" халықаралық кітап көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған көрмеге қазақстандық тараптың қатысуын Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі, тиісті Қазақстанның мемлекеттік, мәдени және баспа мекемелері ұйымдастырды.
Кітап жәрмеңкесі аясында Қазақстанның ұлттық экспозициясы ұйымдастырылып, онда қазақ халқының әдеби мұрасын, классикалық және заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларын, сондай-ақ елдің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын таныстыратын кітаптар ұсынылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының көрнекті әдебиет және ғылым өкілдері қатысуда, олардың қатарында: Айнұр Ахметова, PhD, әдебиеттанушы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алишер Айтуар, жазушы, драматург, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы және Саттар Мажитов, профессор бар.
Көрме аясында қазақстандық әдебиеттің даму үдерістеріне арналған кәсіби кездесулер, тақырыптық пікіралмасулар, сұхбаттар және әдеби таныстырылымдар өткізілді.
Сонымен қатар іс-шара аясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Қара сөздерінің" хинди тіліне аударылған басылымының таныстырылымы өтті. Аталған жоба Қазақстан Республикасының рухани-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
Үнді оқырмандары қазақ кітаптарына, мәдениетіне және Қазақстанға жоғары деңгейде қызығушылық танытты.
Қазақстан Республикасының "National Book Fair Delhi 2026" халықаралық кітап көрмесіне қатысуы қазақстандық әдебиетті халықаралық кеңістікте ілгерілетуге, мемлекеттер арасындағы мәдени дипломатияны дамытуға, сондай-ақ кітап шығару және аударма салаларындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуге ықпал етіп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 11:01 2471
Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Абибуллаев Словения Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Еуропалық істер, халықаралық құқық, мүдделерді қорғау және экономикалық дипломатия жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Нева Грашичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші Мемлекет басшысының 5 қаңтарда "Түркістан" газетіне берген сұхбатында айтылған негізгі ой-түйіндер, сондай-ақ Қазақстанда 2026 жылдың "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланғаны туралы хабардар етті.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына дайындық барысын, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы профильді мемлекеттік органдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің өзара іс-қимыл алаңына айналуы көзделіп отырған "Digital Bridge" цифрлық форумын Люблянада өткізу жоспарларын егжей-тегжейлі талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде Қазақстан нарығында кеңінен танымал словениялық жетекші брендтер - "Krka" және "Lek" компанияларымен өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласындағы кооперацияны кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.
Транзиттік-көліктік және логистикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау аясында Елші Қазақстанның Еуразиялық кеңістігіндегі маңызды транзиттік стратегиялық әлеуетін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің теміржол және мультимодальды бағыттарды қоса алғанда, заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саясатымен таныстырды. Осы тұрғыда Орта дәлізді дамытуға қатысудың және теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ еуропалық мемлекеттер үшін жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру мен логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуде Словенияның "Лука Копер" теңіз портының инфрақұрылымы көлік бағыттарын әртараптандыруда өте маңызды.
Сондай-ақ тараптар екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін де талқылады. Словен тарапы аэроғарыш саласы мен нанотехнологиялар бағытында ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіріп, ғылыми-технологиялық кооперация мен құзыреттер алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан-словения серіктестігінің берік әрі ұзақмерзімді құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімге, дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визасыз режим жөніндегі жаңа келісімге, сондай-ақ екі елдің сыртқысаяси ведомстволары арасындағы консулдық консультациялар өткізуге қатысты шарттық-құқықтық негізін одан әрі кеңейту мәселелері бойынша қағидаттық өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.01.2026, 11:00 3276
Бельгияның Монс университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Монс университетінің (Université de Mons - UMONS) ректоры, профессор Филипп Дюбуамен кездесті. Кездесуде жоғары білім, академиялық мобильдік және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Р. Василенко Қазақстанда ашық академиялық кеңістік қалыптасып келе жатқанын, бүгінде елде 40-қа жуық шетелдік және бірлескен жоғары оқу орындары мен қос дипломды бағдарламалар жұмыс істейтінін, бұл студенттер мен жас ғалымдар арасындағы халықаралық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.
Қазақстан академиялық мобильдіктен бастап, қолданбалы зерттеулер мен технологиялық өзара іс-қимылға дейін практикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Бельгиялық студенттер мен оқытушылар тарапынан қызығушылық бар екенін көріп отырмыз және бұл үрдісті болашағы бар бағыт ретінде қарастырамыз", - деп атап өтті Елші.
Қазіргі таңда UMONS қазақстандық жоғары оқу орындарымен академиялық мобильдік саласында жұмыс істейді. 2026 жылғы ақпаннан бастап бес UMONS студенті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір семестр оқитын болады, тіл және өңіртану пәндерін меңгеріп, университетаралық бағдарламаларға қатысады. Өз кезегінде қазақстандық студенттер Монс университетіндегі тілдер факультетінде білім алуда.
Профессор Ф. Дюбуа:"Біз қазақстандық университеттермен тек алмасу бағытында ғана емес, ғылым саласында да ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. UMONS халықаралық ғылыми жобалар жүргізу тәжірибесіне ие және мұндай ынтымақтастық Қазақстанмен кеңеюі мүмкін деп санаймыз" - деп атап өтті.
Кездесуден кейін қазақстандық делегация UMONS базасындағы Materia Nova қолданбалы зерттеу орталығына барды. Орталық инновациялық материалдар, жабындар мен полимерлер әзірлеумен, сондай-ақ олардың өнеркәсіпке трансферімен айналысады. Materia Nova құрамында шамамен 100 зерттеуші жұмыс істейді және 300-ден астам сыртқы сарапшымен әріптестік орнатқан. Орталық материалтану саласындағы Еуропаның маңызды ғылыми құрылымдарының біріне айналды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық мобильдік пен қолданбалы ғылыми зерттеулер бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдіріп, университеттер мен ғылыми орталықтармен нақты бағытталған кездесулер өткізу үшін UMONS басшылығының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.
UMONS Бельгиядағы ғылыми бағыттағы беделді университеттердің бірі. Мұнда шамамен 12 мың студент білім алады, халықаралық бағдарламалар жүзеге асады және 50-ден астам елдің серіктестерімен ғылыми ынтымақтастық жүргізіледі. Халықаралық жарияланымдар мен серіктестік көрсеткіштері бойынша университет әлемдік академиялық рейтингтер тізімінде және ғылыми дәйексөзделу мен бірлескен зерттеулер сапасымен мойындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2026, 20:06 3046
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Достарға айту
Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.
Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді.
Израиль Премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 20:14 3491
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен ҚазМұнайГаз инвестиция тарту мәселелерін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетудегі жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 17:56 3711
Астана мен Любляна бауырластық байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Любляна қаласы мэриясының басшылығымен кездесуде елордалар - Астана мен Любляна арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуды ұсына отырып, муниципалитетаралық және өңірлік деңгейлердегі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл байланыстар қала шаруашылығын басқаруда тәжірибе алмасудың, бірлескен жобаларды іске асырудың және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың маңызды платформасы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Словениялық тарап Астананың даму қарқынына, "Oxford Economics 2025" индексіндегі елорданың өзекті ұстанымына, сондай-ақ 2025 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан астанасы алдында Қазақстан Президенті белгілеген басым міндеттерге және Astana Smart City бойынша бастаманы іске асыруға шынайы қызығушылық танытты.
Тараптар қала құрылысы, муниципалды даму және қалалық коммуникация, қоршаған ортаны қорғау, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, қалалық инфрақұрылымды дамытудағы ЖИ рөлі, елордалық трафик және шетелдік туристер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды.
Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына дайындық аясында тараптар бірқатар бірлескен мәдени іс-шараларды, Қазақстанның Люблянадағы күндерін іске асыру және мемлекеттеріміз бен олардың астаналары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік пен достықты одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 16:03 44811
Латвия Сеймінде Қазақстанмен диалогты нығайтуға ниетті
Достарға айту
Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов ҚР Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Сейм тобының жетекшісі, депутат Линда Лиепинамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, алдағы уақыттағы бірлескен іс-шаралар кестесі туралы хабардар етті. Екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Л.Лиепина өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы екіжақты қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілігін растады. Қазақстан мен Латвияның парламентаралық өлшеміне жаңа серпін беру қажеттігін қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 15:43 45266
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.
- Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.
- Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.
Джули Стаффт - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі
1975 жылғы 18 қыркүйекте АҚШ-тың Огайо штатында дүниеге келген. Case Western Reserve университетін және Дьюк университетін тәмамдаған. Экологиялық менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1999 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған. 2002-2006 жылдары АҚШ-тың Польша мен Эфиопиядағы елшіліктерінде саяси және консулдық бөлімдердің қызметкері ретінде жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Атқарушы хатшылығы мен Консулдық істер бюросында қызметші болған.
2009-2012 жылдары АҚШ-тың Ресейдегі Елшілігінің виза бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2012-2014 жылдары АҚШ-тың Джибутидегі елшісінің орынбасары, ал 2015-2018 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісінің орынбасары болған.
2018-2020 жылдары АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде директор, аға директор, ал 2020-2021 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Консулдық істер бюросында атқарушы директор лауазымдарын атқарған.
2021-2025 жылдары - АҚШ Мемлекеттік департаментінің Консулдық істер бюросында Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары, Мемлекеттік хатшы көмекшісінің бірінші орынбасары.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде атқарушы хатшы қызметін атқарған.
Румын, орыс, поляк, француз және жапон тілдерін меңгерген.
Георги Петров Воденски - Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі
1975 жылғы 11 мамырда Болгарияның София қаласында дүниеге келген. Софиядағы Әулие Климент Охридский атындағы университетті тәмамдаған. Түркология бакалавры және саясаттану магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2003 жылы Болгария Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қатынастар департаментінде қызметкер ретінде бастаған. 2005-2012 жылдары Эдирне қаласындағы (Түркия) Болгарияның Бас консулдығында үшінші хатшы, вице-консул қызметтерін атқарған.
2012-2018 жылдары Болгарияның Грузиядағы Елшілігінде саяси және мәдени мәселелер жөніндегі екінші хатшы, консулдық қызметінің басшысы болған.
Болгарияның Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2018-2023 жылдары Болгария СІМ Консулдық қатынастар департаментінің директоры лауазымын атқарған.
Ағылшын, түрік, румын және орыс тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.01.2026, 09:52Ақмола облысында әлеуметтік сала мәселелері талқыланды 13.01.2026, 08:51 33762025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді13.01.2026, 11:01 2416Қазақ-словен экономикалық дипломатиясының жаңа серпіні13.01.2026, 10:45 1971Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады13.01.2026, 10:04 1346Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
06.01.2026, 20:48 199421Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 178451Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178331Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 151806Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті08.01.2026, 10:10 1104062026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
17.12.2025, 17:47 232471Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227976Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226281Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223271Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214271Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

