28.09.2022, 20:33 44001
ЦДИАӨМ басшысы ЭЦҚ-дан бас тарту туралы мәлімдеді
Достарға айту
Мен жеке өзім мойындаймын, электрондық цифрлық қолтаңба барлығын дүр сілкіндірді. Бір жерге барып, оны алуымыз керек, қосымша қосымшаларды орнату керек және т.б. Бұл маған цифрлық даму министрі ретінде мүлдем ұнамады. Сондықтан осында отырған адамдардың арқасында QR кеңінен қолданыла бастады", - деді Бағдат Мусин.
Министрдің айтуынша, eGov Mobile-да QR-қолтаңбаны ашып, кез келген QR-кодты түсіруге болады және қол қою жүзеге асады. ЭЦҚ-ны еш жерде сақтаудың, оны флешкада алып жүрудің, оны компьютерге жазудың қажеті жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 18:55 3336
Ядролық физика институтының реакторыy кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарлануда
Достарға айту
Ядролық физика институтының (ИЯФ) ВВР-К зерттеу реакторын кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарланып отыр. Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз турында институттың бас директоры Саябек Сахиев мәлімдеді.
Оның сондай-ақ, алдағы үш-төрт жыл ішінде институт Халықаралық атом энергиясы агенттігі арқылы реактордың пайдалану мерзімін тағы 10-15 жылға ұзарту үшін өтінім берілетіндігін де айтты.
«Алдағы үш-төрт жылда МАГАТЭ-ге реактордың қызмет ету мерзімін тағы 10-15 жылға ұзарту үшін өтінім береміз. Егер 2030 жылы мерзім ұзартылса, онда ол 2040-2045 жылдарға дейін жұмыс істейді. Одан арғысы уақыттың еншісінде», – деді Саябек Сахиев.
Ол 2025 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ядролық физика институты базасында жаңа зерттеу реакторларын салу мәселесін қарастыруды тапсырғанын еске салды.
Институт қазіргі реактордың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін елде жаңа зерттеу реакторы іске қосылатындығына үмітті. Қолданыстағы қондырғы болашақ атом электр станциясы үшін кадрлар даярлауда, атом саласының мамандарын оқытуға пайдаланылуы да мүмкін. Саябек Сахиев онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын радиофармацевтикалық препараттарды үздіксіз өндірудің маңызын да атап өтті. Қазіргі уақытта реактор «үш апта жұмыс – бір апта тоқтау» режимінде жұмыс істейді, ал жаз мезгілінде екі айға жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін тоқтатылады.
«Егер екінші зерттеу реакторы салынса, бұл жумыс уақытын бөліп, өндірісті тоқтатпай жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Ядролық физика институты Қазақстандағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы толық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым болып табылады.
Институт жаңа буын ядролық реакторлары мен термоядролық қондырғыларға арналған материалдарды сынаумен айналысады, сондай-ақ өнеркәсіпте, ғылымда және медицинада ядролық технологияларды қолданады. Оның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге қажетті радиофармпрепараттар өндіріледі.
Қазіргі таңда ИЯФ базасында 12 негізгі эксперименттік қондырғы жұмыс істейді. Олардың қатарында ВВР-К зерттеу реакторы, сыни стенд, радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған иондаушы сәулелену көздерін сақтау орындары, сондай-ақ зарядталған бөлшектердің алты үдеткіш кешені бар.
ВВР-К реакторы Қазақстандағы жалғыз көпмақсатты зерттеу реакторы болып саналады. Оның базасында іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулерімен қатар медициналық радиоизотоптар, өнеркәсіптік гамма-көздер өндіріледі, нейтрондық-активациялық талдау жүргізіліп, материалдар нейтрондық сәулелендіру арқылы модификацияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2026, 18:39 31386
ҚазҰУ-да Қытаймен бірлескен биоконверсия зертханасы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "ҚазҰУ - XUST биоконверсия бойынша бірлескен зертханасының" салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сиань ғылым және технологиялар университетімен (Xi’an University of Science and Technology) серіктестік аясында құрылған жаңа ғылыми орталық университеттің биология және биотехнология факультеті базасында жұмыс істейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шара барысында сөз сөйлеген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Түймебаев бұл жобаның университет үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
ҚазҰУ мен Сиань университетінің бірлескен зертханасы - терең ғылыми ізденістер өндіріске арналған дайын шешімдерге айналатын бірегей алаң. Бұл жерде біз көмірді күкірттен биоәдіспен тазарту, биометан алу және экожүйелерді қалпына келтіру сияқты серпінді бағыттарды дамытатын боламыз", - деді ректор.
Сондай-ақ университет басшысы мұндай заманауи материалдық-техникалық база жас ғалымдардың халықаралық зерттеу жобаларына қатысуына және инновацияларды экономиканың нақты секторына тиімді енгізуге мүмкіндік беретінін алға тартты.
Жаңа зертханада биоконверсия үдерістерін зерттеуге арналған молекулалық-генетикалық, микробиологиялық, химиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Негізгі бағыттардың қатарында органикалық, өндірістік және пластик қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, биокөмір, биополимерлер мен адсорбциялық материалдар алу, сондай-ақ микроорганизмдерді табиғи және техногендік шикізатты экологиялық тұрғыдан қауіпсіз түрлендіруде пайдалану бар.
Жоба бүгінде нақты ғылыми нәтижелер көрсетіп отыр. Ғылыми топ Scopus және Web of Science базаларында сегізден астам мақала жариялаған. ҚазҰУ-дың PhD докторанты XUST университетінде бір жылдық тағылымдамадан өтіп, кадрлық алмасу да жолға қойылған. Қазіргі уақытта метанды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруына екі өтінім берілген.
Зертхананың ашылуы Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу доктринасына толық сәйкес келеді. Орталықтың жұмысы жасыл экономиканы дамытуға және еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін халықаралық деңгейде нығайтуға серпін береді деп күтіледі.
Шара соңында қонақтар зертхананың техникалық жабдықталуымен танысып, әлемдік ғылыми басылымдарда бірлескен мақалалар жариялау жоспарын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 11:34 45921
2025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17-18 маусым аралығында өтеді.
Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 12:08 58261
Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. 3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы додаға Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және басқа да мықты математикалық мектептері бар 24 мемлекеттен 148 қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында әлемдік деңгейде танылған олимпиадалық мектептердің өкілдері болды. Осындай бәсекелі ортада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, тұрақты дайындық пен жүйелі жұмыстың жемісін дәлелдеді.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті.
Алтын медаль иегері - Мурат Тимур, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.
Күміс медаль иегерлері:
- Алиасқар Сұлтанәлі - Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
- Бейганов Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Еркебұланұлы Али - Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Ансатов Арнұр - Қызылорда облыстық №9 "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Ұлттық құраманың жетекшілері - Қазақ-Америка университеті президенті Асылбек Исахов және "Астана-Нұра" зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 11:31 109386
Аралық қорытындылар: 36 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылғы 10 қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже - 131 балл.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 13:31 109811
Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін өзгерістер енгізілді
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) дайындауға, сараптауға және мониторингтеуге байланысты нормативтік базаны жаңарту және негізгі процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың ақпан айында орта білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторингтеу және басып шығару қағидаларына өзгерістер енгізу тапсырылды.
Өзгерістерде:
- уәкілетті органның жекелеген баспаларға сұрау салмай тақырыптық жоспарды бекітуі;
- тақырыптық жоспарды міндетті түрде жариялау;
- авторлық ұжымға тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш білікті маман қосу туралы талапты енгізу;
- оқулықтарға сараптамалық бағалау жүргізудің нақты өлшемшарттарын белгілеу;
- оқулықтарды жаңартудың 5 жылдық мерзімін сақтау үшін оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу тәсілдерін жаңарту көзделуге тиіс болды.
Нәтижесінде аталған өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілді.
Жаңартылған нормалар тақырыптық жоспарды қалыптастыру тәртібін, авторлық ұжым құрамына қойылатын талаптарды, сараптамалық бағалау өлшемшарттарын регламенттейді, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу рәсімдерін нақтылайды.
Тақырыптық жоспар енді автоматты түрде жасалады: баспалар мен әзірлеушілер Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының www.bmso.kz интернет-ресурсы арқылы өтінім береді.
Оқулықтар мен электрондық оқулықтарды дайындауды құрамында тиісті оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер және педагогтер бар авторлық ұжымнан тұратын әзірлеушілер немесе баспалар жүзеге асыратыны бекітілген.
Бұған қоса Министрлікке мектептердің кітапхана қорларын есепке алу және бақылау процестерін, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдауды автоматтандыру тапсырылды.
Негізгі процестерді автоматтандыруды және нормативтік базаны айтарлықтай пысықтауды қамтитын қабылданған шаралар оқулықтар мен ілеспе материалдардың сапасын арттыруға, субъективтілік пен қателікке жол беру тәуекелдерін азайтуға,
сондай-ақ олардың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 16:01 126671
Алматының мектептері Kundelik орнына отандық электрондық журналға көшті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының шешімімен қала мектептері BilimClass электронды журналына көшеді. Бұл - толықтай қазақстандық әзірлеме: тегін мобильді қосымшасы бар, серверлері Қазақстан аумағында орналасқан. Жүйе пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығына кепілдік береді және ел заңнамасын қатаң сақтайды, деп хабарлайды Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Білім басқармасының бұл шешіміне дейін мегаполистегі 15 мектепте платформаны кешенді талдау және пилоттық апробациялау жұмысы жүргізілді, олардың нәтижелері BilimClass жүйесінің барлық қажетті талаптарға сай екенін көрсетті. Көшу алдында мұғалімдер платформамен жұмыс істеуге тегін оқытылды, ал қолдау қызметі мектептерге тұрақты түрде сүйемелдеу көрсетіп, туындаған сұрақтарға жедел жауап береді.
BilimClass - бұл электронды журнал ғана емес, сонымен қатар мектепті әкімшілендіру жүйесін, оқу контентін, әдістемелік талдау мен аналитиканы қамтитын кешенді платформа. Қазіргі таңда BilimClass-ты Қазақстанның 11 өңірінде 2,5 миллион оқушы мен 350 мың мұғалім пайдаланады. Атап айтқанда: Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Платформаны іске асырумен Қазақстандағы жетекші IT-холдинг Bilim Group айналысады. Холдинг құрамына BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation сияқты жобалар кіреді.
Ата-аналар мен оқушылар BilimClass тегін мобильді қосымшасын пайдаланып, сабақ кестесі, қатысуы, үлгерімі және үй тапсырмалары туралы толық ақпарат алады.
Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын қосу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қарастырылған.
BilimClass жүйесіне көшу оқу үдерісіне әсер етпеуі үшін арнайы қысқы демалыс кезеңіне жоспарланды. Осы уақыт ішінде мұғалімдер платформамен жұмыс істеуге дайындықтан өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 15:23 131056
ҚР-да жасанды интеллект университеті құрылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша арнайы университет құрылады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министр университет индустрияның сұраныстарына сәйкес пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталатынын атап өтті.
Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен әріптестікте дамиды.
Бүгінгі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар алда жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыру міндеті тұр. Негізгі мақсат - профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру", - деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 29731Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 24526Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 242312025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 21596Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
17.06.2026, 10:08 57356Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек15.06.2026, 17:34 54946Қазақстан ШЫҰ-ның рөлін нығайтуды қолдайды - СІМ15.06.2026, 17:31 54566Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде15.06.2026, 19:19 54531Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері КОПУОС-тың 69-сессиясында таныстырылды15.06.2026, 18:58 54221Қазақстан мен Швеция экономикалық ынтымақтастықты жаңа практикалық деңгейге көтеруде
22.05.2026, 20:31 251811Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237516Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207946ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195021Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195006Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

