21.01.2011, 16:47 10821

АҚШ-та ең ірі зымыран ұшырылды

АҚШ-та ең ірі зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ-та ең ірі зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ-та Жер орбитасын қорғау мақсатымен қолданылатын кезекті жер серігі орнатылған ең ірі зымыран ұшырылды. Биіктігі 70 метрден асатын "Дельта-4" зымыраны Калифорниядағы Ванден-берг әскери-әуе базасының аумағынан ұшырылған.

АҚШ-тың "Бірлескен Ұшыру Альянсы" ұшырылымның сәтті өткенін жариялады. Аталған компания АҚШ-тың ғарыш пен авиация техникасын жасау саласындағы беделді корпорациялары - Локхид Мартин мен Боингтің бірлескен кәсіпорны.

Ал ұшырылған Жер серігі АҚШ-тың Ұлттық Барлау Кеңсесі деп аталатын ұйымға тиесілі. Бұл мекеме АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы мен Қорғаныс Департаментін техника саласындағы қажетті деректермен қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Дельта-4 зымыранын Ванден-бергтен ұшыруға 3 жыл дайындық пен 100 миллион доллар жұмсалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны