15.02.2023, 21:35 116556

Алматыда мектеп оқушыларына арналған сайттардың "қара тізімі" жасалады

Алматыда мектеп оқушыларына арналған сайттардың "қара тізімі" жасалады
Сурет: Depositphotos
Қалалық мектептерде ақпараттық қауіпсіздікті бақылау күшейтілді

Алматы. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта порнографиялық сипаттағы бейнежазбалар көргендігі туралы видео тараған болатын. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тыйым салынған ақпараттан қорғалғандығына талдау жасады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Заң бойынша мемлекеттік органдар, қарауға тыйым салынған, порнография, қатыгездік және зорлық-зомбылық тарататын, адамның абыройын қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін контентке балалардың қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауы тиіс (ҚР "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңы, ҚР "Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Заңы). Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылуда", - деп хабарлады қала прокуратурасы.


Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады, ол бойынша "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы" КММ-не мониторинг жүргізу және "қара тізімді" қалыптастыру міндеті жүктелді. Анықталған тыйым салынған сайттар "School net" корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы үш оқушыны балта мен пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккен екі оқушы ауруханаға жеткізілді, олардың басы мен білектері тесілген. Үшінші оқушыға сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушы интернет ойынының "тапсырмасын" орындады, оған сәйкес 4 ағашты кесу керек болды. Олар бейкүнә мектеп оқушылары болып шықты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны