12.06.2024, 13:39 40536
Қазақстанда орта білім туралы Аттестат цифрландырылды
Достарға айту
Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
📌 Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.10.2024, 14:12 7596
Көлік министрлігі мен Атырау мұнай және газ университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Достарға айту
ҚазжолҒЗИ" ұйымдастырған "Инновациялар және кадрлар: Батыс Қазақстандағы жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары" семинары аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Меморандум автожол саласында білікті мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.
Меморандумның негізгі мақсаты - мамандарды кәсіби даярлау деңгейін арттыру. Тараптар университет оқытушыларының теориялық білімін және Көлік министрлігі қызметкерлерінің тәжірибесін біріктіре отырып, автожол саласында заманауи талаптарға сәйкес жұмыс істеуге қабілеті бар кадрларды даярлауды көздеп отыр. Сонымен қатар келісім аясында ғылыми зерттеулер жүргізу, көлік құрылысы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар студенттерді, магистранттарды және докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне және практикалық оқуға белсенді тарту көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.10.2024, 14:06 7821
Қазақстанда алғаш рет республикалық "Ұлттық кітап" байқауы өтеді
Достарға айту
Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ұлттық кітап" байқауын жариялайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Байқаудың негізгі мақсаты - кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар - 1 сәуір аралығында қабылданады.
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
1) Балаларға арналған үздік кітап;
2) Үздік комикс;
3) Нон фикшн бағытындағы үздік кітап;
4) Детектив жанрындағы үздік кітап;
5) Сатира жанрындағы үздік кітап;
6) Үздік илюстрациялық кітап;
7) Үздік аударма кітабы;
8) Фантастика жанрындағы үздік кітап;
9) Үздік баспа;
10) "Жыл кітабы" Гран-при сыйлығы.
Байқауға қатысатын жұмыстар көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек.
Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788
Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір - "Ұлттық кітап күні" мерекесі бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.10.2024, 11:29 14331
Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу Таразда бюджет қаражатын үнемдеді
Достарға айту
араз қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесінің пилоттық жобасы аяқталды. Жоба нәтижелерін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.
Пилоттық жоба шеңберінде Тараз қаласындағы 160 мекеме, оның ішінде шағын-орталықтар мен жекеменшік балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесімен қамтылды.
Министрдің мәліметінше, пилоттық жоба арқасында 2024 жылдың шілде айында 2 жастан асқан 11 983 баланы құраған қаладағы балабақша кезегі қыркүйекте 17 балаға дейін қысқарған.
Сонымен қатар ваучерлік қаржыландыру жүйесі бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді. Екі ай ішінде мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалған шығындар шілдедегі 1,7 млрд теңгеден қыркүйекте 1,1 млрд теңгеге дейін төмендеп, нәтижесінде шамамен 600 млн теңге үнемделді.
Бұл үрдіс ваучерлік қаржыландыру тетігінің тиімділігімен тікелей байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.10.2024, 14:20 16076
Қазақстанда 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алады
Достарға айту
Қазақстанда 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне.
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектерін жыл сайын жұмыспен қамту көрсеткіші 79%-ды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.10.2024, 14:55 23121
Қазақстанның ірі мектептерінде стоматология кабинеттері ашылады
Достарға айту
ҚР Оқу-ағарту министрінің шақыруымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті. Мақсаты - екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіның баспасөз қызметінен.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдан бастап бірінші рет 1,7 млн оқушылар үшін мектептерде тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Бұған дейін Министрлік білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізген болатын. Ас мәзірін өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді пайдалана отырып әзірлеу туралы норма енгізілді. Сонымен қатар, өңірлерде бракераждық комиссиялар құрылды, олардың құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері ене алады. Бракераждық комиссиялардың мониторингтік топтарының қызмет тәртібі туралы заңнамалық нормалар белгіленді.
Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - білім беру процесінің әрбір қатысушысының алдында тұрған бірінші кезектегі маңызды міндет. Біз сауықтыру-педагогикалық бағытқа баса назар аудара отырып, "салауатты өмір салтын" ұстануымыз керек және сапалы тамақтануды ұйымдастыру, балалардың білім алудағы нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін оның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Әрбір мүдделі тараптың, әсіресе, кәсіпкерлердің өз жауапкершілігін сезінуі маңызды. Тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, санитарлық, гигиеналық талаптардың сақталуына, дұрыс тамақтануды насихаттауға көңіл бөлінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс бұл мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі рөлге ие", - деп атап өтті оқу-ағарту министрі.
Сонымен қатар министр санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен кейбір нормативті-құқықтық актілерді қайта қарау мәселесіне тоқталды. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен балалардың денсаулығын нығайту бойынша бірлескен жоба аясында келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады.
Сондай-ақ №95 мектеп-лицейі мен №84 "Кәусар" бөбекжай-балабақшасында және Астана қалалық мамандандырылған балалар үйінде болды. Кездесу соңында елордалық мектеп педагогтері Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға балалардың әл-ауқаты мәселесіне қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, сапалы тамақтануды ұйымдастыру үшін мектеп асханаларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуде. Ол мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұрын орын алған келеңсіз жағдайларға жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған. Еліміз бойынша облыстық басқармалар мен аудандық білім бөлімдерінің жанынан барлығы 222 ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 16:32 26681
Елімізде STARLINK спутниктік интернеті 1 798 мектепте орнатылды
Достарға айту
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда STARLINK спутниктік интернеті 1 798 мектепте орнатылған, бұл қосылу жылдамдығын 3 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
81 мектепте интернетке қосылу жұмыстары аяқталуда. Өткен жылдың басынан бастап қамту 19%-дан 89,5%-ға дейін артты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 16:53 32511
"Жайлы мектеп": Атырау облысында алғашқы екі мектеп ашылды
Достарға айту
Бүгін қалада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған екі мектеп пайдалануға берілді. Алмалы ауылдық округі Береке ауылында 1200 орындық №47 орта мектеп, Сарыөзек ықшамауданында 300 орындық №46 орта мектеп ашылды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Білім ордаларының ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды жаңа мектептердің ашылуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты екенін айтып, әр оқушының сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Бүгін есігін ашатын білім ордасында шәкірттердің барлық пәнді оқып-үйренуіне, ұстаздардың шығармашылықпен айналысуына толық жағдай жасалды. Бұл мектепте мұғалім мен оқушының, мектеп пен ата-ананың байланысы артып, білімді де талантты, санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиеленіп шығарына сенім мол",-деді С.Шәпкенов.
Жаңа мектептерде екі ауысымда оқитын 3000 балаға 120-дан астам ұстаз білім береді.
Баласын мектепке жетектеген ата-аналардың арасында Береке ауылының тұрғыны Ханшайым Көпбергенова бар. Ол сегіз немересін де №47 білім ордасына орналастырыпты. Әжейдің қуанышында шек жоқ, себебі енді немерелері заманауи жарақталған мектепте білім алады.
Бүгін көптен күткен мектеп ашылды. Оның құрылысы басталып, аяқталғанға дейін куә болдық. Енді балаларды қабылдап жатыр. Мен де, басқа ата-аналар да дән ризамыз, себебі бұған дейін немерелерім осы ауылдағы мектепте оқыды, бірақ орын саны тапшы еді. Бүгін сол мәселе шешілгендей, жаңа мектепке орналасып жатырмыз. Балаларымыздың зейіні ашылсын. Еліміздің мақтанышы болсын",-деді Х.Көпбергенова.
Мектептерге Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылып, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылды. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар салынған.
Мектеп аумағы 2 жүгіру жолағымен, баскетбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, ойын және workout алаңдарымен жабдықталған.
Мектеп ғимаратында 2 спорт зал, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған екі асхана, 260 орындық акт зал және кітапхана бар.
Сонымен қатар психолог, логопед, медициналық кабинеттерімен, заманауи үлгідегі оқу сыныптарымен, физика, химия зертханаларымен және STEM кабинеттерімен жарақталған.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында осы жылдың соңына дейін тағы үш мектеп пайдалануға беріледі.
2025 жылдың аяғында жайлы мектептердің саны 12-ге жетіп, 12 мыңнан астам оқушы сабаққа барады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:52 38626
Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Достарға айту
Бүгін Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат - кітапханалық-ақпараттық қызметті одан әрі дамыту, халықаралық жазба әдебиеттерді алмасу және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға негіз болады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі - Әзербайжан әдебиеті бұрышының ашылуы. Әдеби бұрышта классикалық және заманауи әдебиеттің 250-ден астам басылымы, ел мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, әзербайжан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы шығармалар ұсынылған. Соның ішінде ақын және ойшыл Мұхаммед Физули, Мырза Фатали Ахундов, Гусейн Джавиди, жазушы Анар кітаптары және тағы да басқа танымал тұлғалардың туындылары бар.
Сондай-ақ Әзербайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың Гейдар Әлиев пен академик Зарифа Әлиеваның 100 жылдығына арналған "Зарифа және Гейдар Алиевтер. Мәңгілік махаббат" кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапта автор өз кейіпкерлерінің балалық шақтан ересек жасқа дейінгі бүкіл өмір жолын баяндап, олардың жеке өмірі, бала тәрбиесі және аталған көрнекті жұптың басына түскен сынақтары туралы әңгімелейді.
Салтанатты шараға Әзербайжан Мәдениет министрі Адиль Керимли, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық кітапханасының бас директоры Керим Тахиров, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялылары, ЖОО студенттері мен магистранттары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.10.2024, 16:04Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде 23.10.2024, 21:00 84241Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді23.10.2024, 21:06 84056Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады24.10.2024, 13:03 68166Астанада LRT іске қосылуы 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған24.10.2024, 13:21 67746Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
17.10.2024, 20:16 99881ҚР Әділет министрлігі цифрлық жобаларды таныстырды17.10.2024, 20:08 99656Мемлекет басшысы № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды17.10.2024, 20:01 99311Мемлекеттік бюджетке 14,9 трлн теңге түсті18.10.2024, 19:13 96176Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымдарынан босатылды18.10.2024, 18:19 95571Қазақстанда шетел жоғары оқу орындарымен Стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңес құрылды