08.06.2006, 13:04 2740

“Протон-К” зымыраны мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізіледі

БАЙҚОҢЫР. 8-маусым. Kazakhstan Today. “Протон-К” зымыраны, ДМ үдеткіш блогы мен «KazSat» жер серігі құрастыру орнынан ұшырылым кешеніне 14-маусымда жеткізу межеленіп отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз хатшысы Олег Урусов хабарлады.

“Қазір ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кезінде пайдаланылатын инфрақұрылымдық нысандарды дайындауда. Зымыран тасығыш пен ғарыштық аппараттың тексерулері толық аяқталды. Олар қазір сақтау тәртібіне көшірілді”,- деді О.Урусов.

“Келесі аптада ғарыштық зымыран құрастырылады”, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, “Протон-К” зымыран тасығышы мен «KazSat» жер серігі 18-маусым күні таңертеңгі 4 сағатта ұшырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны