06.01.2026, 16:23 2336

ҚР-да жасанды интеллект университеті құрылады

ҚР-да жасанды интеллект университеті құрылады
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша арнайы университет құрылады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министр университет индустрияның сұраныстарына сәйкес пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталатынын атап өтті.

Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен әріптестікте дамиды.

Бүгінгі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар алда жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыру міндеті тұр. Негізгі мақсат - профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру", - деп толықтырды Саясат Нұрбек.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны