Ташкентте Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі аяқталды
Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ташкентте Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі аяқталды. Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстанның 18 ЖОО түлектері дипломант атанды. Бұл фестиваль 2019 жылдың 14-18 қараша аралығында Ташкент сәулет-құрылыс институты, Турин политехникалық университеті, М.Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институты, Бұқара инженерлік-технологиялық институтының қолдауымен өткен болатын.
Дәстүрлі форумға Еуразияның 19 елінен 80 университет қатысты. Соның ішінде Қазақстанның 18 жоғарғы оқу орны 90 астам жұмысын ұсынды. Бұл "Сәулет", "Дизайн", "Құрылыс", "Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндіру", "Инженерлік жүйелер мен желілер", "Көліктік құрылыс", "Геодезия және картография", "Кадастр және жерге орналастыру" бағыттары бойынша республикалық байқаудан іріктелген жобалар.
Халықаралық байқауғабакалавриат пен магистратура бойыншабарлығы 552 жұмыс ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша Қазақстан жоғарғы оқу орындарының 50 астам түлегі бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі жоғарғы оқу орындарының мамандары, сәулет-құрылыс саласының кәсіпқойлары, жас сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайнерлердің басын қосатын ғаламдық шығармашылық алаң. Жыл сайынғы дәстүрлі байқау талантты жастарға өз әлеуетін танытуға, кәсіптік қызметін бастауға жол ашады.
10 жылдың ішінде Халықаралық фестиваль Еуразияның 150 астам жоғарғы оқу орындарының басын қосып, әлемдік қауымдастық алдында беделін көрсетті. Білім саласындағы интеграция, тәжірибе мен идея алмасу әріптестікті арттырады, сәулет-құрылыс саласына жаңа трендтер енгізеді.
Халықаралық фестивалға Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының президенті Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов бастамашы болды. Осылайша ҚазБСҚА шетелдегі университеттердің базасында халықаралық ауқымды шараны өткізген еліміздегі алғашқы жоғарғы оқу орны.
IX Халықаралық фестивалдің Қазақстанның Өзбекстандағы жылымен тұспа-тұс келуі екі ел арасындағы мызғымас достық пен келісімді білдіреді.
Ұйымдастырушылар форумнан кейін студенттік жобалардың жинағы мен қатысушылардың мақалаларын жариялайтын болады. Келесі фестиваль Ресейдің Новосібір қаласында өткізілмек.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Иранда Қазақстанның мәдени кеші өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бас прокуратура телефон алаяқтары мен олардан қорғанудың жаңа әдістері туралы ескертеді
- мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
- ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ;
- күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;
- кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму басымдықтары мен нәтижелері таныстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.12.2025, 12:02Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады 31.12.2025, 17:05 18961Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 09:19 17526Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 13:33 14256Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы31.12.2025, 11:58 10961Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады
29.12.2025, 19:40 72091Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады29.12.2025, 09:02 699912026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 18:13 66296Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды26.12.2025, 13:46 64181Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады25.12.2025, 20:43 63506Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
17.12.2025, 17:47 231886Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227406Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225691Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222701Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213676Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

