30.09.2021, 19:21 33200

ІІМ жүргізушілерді ауа-райының нашарлауы кезіндегі қауіптер туралы ескертеді

Бірқатар облыстарда қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚЫРКҮЙЕК - ІІМ жүргізушілерді ауа-райының нашарлауы кезіндегі қауіптер туралы ескертеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, бірқатар облыстарда ауа райының нашарлауы, қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.
 

Автокөлік иелері ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы керек. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуді ұсынады. Қауіпсіз қозғалыс үшін ауа-райының қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің ілінісу сапасының өзгеруін ескеру қажет", - деп атап өтті ведомствода.

 
Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды, деп толықтырды ІІМ баспасөз қызметі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны