11.07.2022, 15:55 15166

Іле-Балқаш резерватына Қызыл кітапқа енген 61 бұғы шығарылды

"Іле-Балқаш" резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті.
Іле-Балқаш резерватына Қызыл кітапқа енген 61 бұғы шығарылды
Сурет: ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚОНАЕВ. 11 ШІЛДЕ - Мемлекеттік табиғи резерваттқа тағы да бұқар бұғылары жіберілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан "Іле-Балқаш" резерватының аумағына 61 бұғы әкелінді. Қазір аталмыш жануардың жалпы саны-150 басқа жетіп отыр, деп хабарлады ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
 

Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ, үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылды. Аталмыш құрылғының жануарларға еш зияны жоқ", - деп нақтылады ведомствода.

 
Бұл бұқар бұғыларының "Іле-Балқаш" резерваты аумағына төртінші рет жіберілуі – 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас орналастырылған болатын.
 
Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
 

Бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады", - деп атап өтті мамандар.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны