26.08.2021, 18:29 8635

1-6 сынып оқушылары "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарламаны таңдай алады

НҰР-СҰЛТАН. 26 ТАМЫЗ - ҚР Білім және ғылым министрлігі "Музыка" пәні аясында домбыра курсы бойынша бағдарламаны таңдау мүмкіндігі бар екенін хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз кеңесінде нұсқаулық-әдістемелік хатты түсіндіру кезінде "Музыка" мектеп пәні аясында домбырада ойнау курсы бойынша бағдарламаны таңдау мүмкіндігінің болуы туралы мәселе қозғалды. Сонымен қатар, кейбір БАҚ өздерінің жаңалықтар материалдарында "Домбыра тартуды үйрену" атты жаңа мектеп пәні енгізілетінін атап өтті. Әңгіме жеке пән туралы емес, 1-6 сыныптар аралығында оқытылатын "Музыка" пәнінің мазмұны туралы болып отырғанын түсіндіргіміз келеді", - деп хабарлады ҚР БҒМ.

 
Яғни, қажетті ресурстар болған жағдайда, осы сынып оқушылары "Музыка" пәнінің мазмұнындағы екі нұсқаның бірін таңдай алады, қолданыстағы бағдарлама бойынша немесе домбыра тарту курсынан өте алады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 шілде күні Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылғы 13 маусымда бекітілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны