10.09.2021, 16:07 7850

ҚР 10 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 97 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 9 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 832 248 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 4 024 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 320; 
 
Алматы қаласында – 931; 
 
Шымкент қаласында – 160; 
 
Ақмола облысында – 203; 
 
Ақтөбе облысында – 300; 
 
Алматы облысында – 290; 
 
Атырау облысында – 130; 
 
ШҚО–да – 167; 
 
Жамбыл облысында – 75; 
 
БҚО–да – 98; 
 
Қарағанды облысында – 581; 
 
Қостанай облысында – 176; 
 
Қызылорда облысында – 79; 
 
Маңғыстау облысында – 183; 
 
Павлодар облысында – 220; 
 
СҚО-да- 72; 
 
Түркістан облысында - 39.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 169 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 747 978 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
10 қыркүйекке КВИ-ден 82 162 адам (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 17 245 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 64 917 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 310 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 373 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 208 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 9 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 154 өлім жағдайы тіркелген. 8 қыркүйек күні КВИ-ден 78 адам қайтыс болды. 
 
8 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 275 жағдайы тіркелді, 19 адам қайтыс болды және 133 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 72 223, өлім – 4 630, сауыққандар – 59 547.
 
Қазақстанда 2021 жылғы 9 қыркүйекке I компонентпен 7 010 302 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 834 656 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны