28.10.2021, 14:41 72727

Антиваксер Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты дәрігер Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды.
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАЗАН - Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты дәрігер Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды.
 
Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
 
Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды.
 
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
 
Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді. Видеодан Айна Бакееваның жанындағы әйелдермен бірге мектепке баса-көктеп кіргенін көруге болады. Онда балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқаны сөз болады.
 
Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді. 

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны