11.10.2019, 19:13 112322

11 қазан - Халықаралық қыздар күні мерекесі

Бұл халықаралық мереке 11 қазан күні атап өтіледі. Оның мақсаты - қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту.

Нұр-Сұлтан. 11 қазан. Kazakhstan Today - Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы еліміздің қыздар қауымын Халықаралық қыздар күнімен құттықтайды!

Бұл халықаралық мереке 11 қазан күні атап өтіледі. Оның мақсаты - қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту.

1995 жылы Пекинде (Қытай) өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда Пекин декларациясы мен әйелдер құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар бейілділігін растайтын Іс-қимылдар тұғырнамасы қабылданған болатын.

Әйелдер мен қыздар планетаның жарты халқын құрайды, бұл дегеніміз адамзат әлеуетінің жартысына тең. Әйелдерді қоғамдық өмірге тарту нәтижелі және экономикалық өсімге әкелетіні расталған. Олар репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша жаһандық қозғалыстың алдында. Белсенділер балалар некесі мәселелерін, білім берудегі теңсіздіктер, үйдегі зорлық-зомбылық, қыздардың құқықтарын қорғау және лайықты өмірді қамтамасыз ету мәселелерін шешумен айналысуда.

Қыздар стереотиптерден туатын, оның ішінде мүгедек балалар мен басқа да осал топтарға қатысты кедергілерді жеңіп шығады. Олар ерлерге тән кәсіптерді бағындыра алатынын дәлелдеген. Қыздар инженерия, IT-технология, математика, химия және тағы сол сияқты техникалық салада өздерін белсенділер қатарынан көрсетуде. Кәсіпкерлер, инноваторлар және жаһандық қозғалыс инициаторлары бола тұра, қыздар өскелең ұрпаққа маңызды әлемді басқарып, қолдап келеді.

Көбісі үлкен ұжымдарды басқарып, кейбіреулері балаларды оқытып, халықтың денсаулығына қамқор болып, қоғамдық жұмыспен айналысып, жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуда, сондай-ақ басқа да қызмет салаларында табысты қызмет етуде. Бүгінгі қыздар мен бойжеткендер - ертеңгі ошақ қасын сақтап, ұрпағымызды тәрбиелеп өсіретін аяулы жар, ардақты ана, мейірімді әжелеріміз.

Қазақстанда халықтың 52%-ын әйелдер құрайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны