11.08.2021, 16:40 5288

Қазақстанда 11 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 7 657 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 10 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 656 777 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 657 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 153; 
 
Алматы қаласында – 1 493; 
 
Шымкент қаласында – 574; 
 
Ақмола облысында – 265; 
 
Ақтөбе облысында – 304; 
 
Алматы облысында – 350; 
 
Атырау облысында – 618; 
 
ШҚО-да – 228; 
 
Жамбыл облысында – 140; 
 
БҚО-да – 156; 
 
Қарағанды облысында – 1 125; 
 
Қостанай облысында – 257; 
 
Қызылорда облысында – 218; 
 
Маңғыстау облысында – 212; 
 
Павлодар облысында – 291; 
 
СҚО-да – 157; 
 
Түркістан облысында – 116.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 521 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 540 850 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 тамызға КВИ-ден 112 843 адам (108 824 КВИ+ және 4 019 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 181 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 82 662 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 808 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 451 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 215 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 10 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 7 103 өлім жағдайы тіркелген. 9 тамыз күні КВИ-ден 130 адам қайтыс болды. 
 
9 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 588 жағдайы тіркелді, 24 адам қайтыс болды және 201 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 64 065, өлім – 3 949, сауыққандар – 56 097. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 10 тамызға I компонентпен 5 879 016 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 505 662 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны