15.06.2022, 16:16 5656

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 13 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 13 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 887 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
13 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
15 маусымға КВИ-ден 160 адам (119 КВИ+ және 41 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 38 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 122 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 515 881 адам, 2-ші компонентпен - 9 294 229 адам вакцинацияланды. 4 728 908 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны