01.08.2022, 16:14 12531

Қаңтар оқиғасында 1700-ден астам азамат жәбірленуші болып танылды

Қаңтар оқиғасында 1700-ден астам азамат жәбірленуші болып танылды
Сурет: facebook/Anastasia Romanova
НҰР-СҰЛТАН. 1 ТАМЫЗ - Қазақстанда қаңтар айындағы оқиғасында 1700-ден астам азамат жәбірленуші болып танылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Полиция қаңтар айындағы оқиғалар бойынша барлығы 4 642 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде 2,5 мыңнан астамы – ұрлық, 708 қаруды ұрлау немесе сақтау фактісі, 418 бұзақылық, 199 мүлікті жою фактісі, 26 қарақшылық және тонау. Осы қылмыстық істер аясында полиция тергеушілері 15 мыңға жуық адамнан жауап алды, 35 мыңнан астам тергеу әрекеті және 2,5 мың сараптама жүргізілді. Сондай-ақ 1 731 азамат жәбірленуші болып танылды, 343 млн теңгеден астам сомаға шығынды өтеу қамтамасыз етілді", - деді ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев.

 
Оның ақпараты бойынша, бүгінгі күні өндіріспен 969 іс аяқталды, оның ішінде 594 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды.
 

Сотта қарау нәтижесімен 500 адамға қатысты үкім шықты, олардың көпшілігі бас бостандығынан шектелді, бұл 398 адам, ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 92 адам ғана бас бостандығынан айыруға сотталды", - деді спикер.

 
Ол қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 289 іс бар екенін хабарлады.
 

Оның ішінде 20-сы бойынша 27 күдікті анықталған, олардың 6 күзетпен қамауда ұсталуда. Жақын арада бұл қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешім қабылдау жоспарланған", - деді Мұхтар Қожаев.

 
Сонымен қатар, ІІМ өкілі ұрланған қаруды алып қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
 

Бүгінгі таңда, қабылданған шаралармен 860 қару тәркіленді, оның ішінде 475 табельдік және 379 азаматтық қару", - деді ол.

 
Оның айтуынша, мысалдарға келетін болсақ, 13 шілде күні Тараз қаласында криминалдық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп бүркемеленген жерге көмілген қойманы тапты, ол жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Калашников автоматы, екі оқ сауыт және 30-дан астам оқ-дәрі табылып, алынды. 
 
19 шілдеде осы қалада полиция қызметкерлерімен гараждар орналасқан жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Макаров тапаншасы табылды. 
 
14 шілдеде Алматы облысының Іле ауданында полиция және ҰҚК қызметкерлері Байсерке кентінің теміржол өткелі маңынан бүркемеленген жерге көмілген қойманы тапты, онда 12-калибрлі шолақ мылтық, бөлшектелген аңшылық мылтық, газ тапаншасы, 3 жарық дыбысты және 2 газ гранаты, сондай-ақ 150-ден астам патрон табылды. 
 

Жақында Алматы шетіндегі таулы жерде полиция қызметкерлері жерге көмілген тағы бір қойманы тапты, онда 22 жарық-дыбысты, көзден жас ағызатын және газ-түтінді гранаталар, 2 газ тапаншасы, 12 калибрлі аңшылық мылтық, радиостанция және әр түрлі калибрлі 500 жуық патрон сақталған", - деді ІІМ өкілі.

 
Оның мәліметтері бойынша, қазір ұрланған қарудың әлі 2089 бірлігі анықталмаған, оның ішінде: қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 1282 азаматтық қару; 648 табельдік атыс қаруы және 159 жарақат салатын газ және сигналды тапаншалар. Оларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.
 

Сонымен қатар мақсатты жүргізілген жедел-профилатикалық шаралардың нәтижесінде полиция қосымша 1936 қаруды тәркіледі, олардың көбісінің тіркеу нөмірлері қасақана өшірілген. Сондықтан қазір олардың "қаңтар оқиғалары" кезінде қолдануға қатыстылығы анықталуда", - деді спикер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны