07.12.2022, 10:02 35721

Қазақстанда бір тәулікте 175 адам коронавирус жұқтырды

5 желтоқсанда пневмонияның 10 жағдайы тіркелді
Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 175 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 397 842 жағдай тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 желтоқсанда КВИ-ден 1 447 адам (1 255 КВИ+ және 192 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 203 пациент бар;

- амбулаториялық деңгейде - 1 244 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

- ауыр халде - 6 пациент,

- аса ауыр халде - 4 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында - 4 пациент бар.

5 желтоқсанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны