17.06.2022, 14:34 10236
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 3, Алматыда - 10, Ақмола облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Павлодар облысында - 1, СҚО - 1, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
15 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
17 маусымға КВИ-ден 179 адам (131 КВИ+ және 48 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 41 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 138 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 5 пациент,
- аса ауыр халде – 0 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
2022 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 517 563 адам, 2-ші компонентпен - 9 296 347 адам вакцинацияланды. 4 669 252 адам ревакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.05.2026, 11:45 4341
Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
Сурет: Huawei
Достарға айту
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы компанияның қазіргі және жаңа серіктестерінің басып қосып, дәстүрлі Partner Conference 2026 іс-шарасын өткізді. Қатысушылар іскерлік экожүйені дамыту, салалық басымдықтар және Қазақстан мен Орталық Азияның бірлесіп өсу жолының жаңа мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Huawei.
2025 жылдың қорытындысы бойынша компания жергілікті нарықта тұрақты өсім көрсетті. Қазақстандағы Huawei Technologies компаниясының табысы 32%-ға артты, ал серіктестік сыйақылар мен рибейттердің көлемі 6 миллион АҚШ долларынан асып, алдыңғы жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 50%-ға жоғарылады. Компанияның белсенді серіктестерінің саны да 17%-ға өсіп, 200-ден асты.
Конференцияның басты тақырыбы жасанды интеллект инфрақұрылымы негізгі рөл атқаратын жаңа технологиялық күн тәртібіне көшу болды. Компания Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЖИ бағытының дамуын, соның ішінде Ascend 950 чипі негізіндегі шешімдерді таныстырды.
2026 жыл Қазақстан үшін жасанды интеллект жылы болады және біз мұнда ең озық Ascend 950 ЖИ-чипін таныстырдық. ЖИ тиісті инфрақұрылымсыз толыққанды жұмыс істей алмайтынын түсіну маңызды, сондықтан ЖИ мен Atlas платформасының үйлесімі қажетті тиімділікті қамтамасыз етеді. Қазақстандағы біздің артықшылығымыз келесі үйлесімде: біз көптеген жылдар бойы әртүрлі салаларда, сымсыз желілер мен АT бағытында жұмыс істеп келеміз, ал енді бізде ЖИ-чип те бар. Барлық клиенттер мен серіктестер бұл үйлесімді өз кәсіпорындары үшін, Huawei-мен серіктестікте және клиенттердің бизнесі үшін пайдалана алады", - деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясуй.
Huawei-дің ЖИ-ге арналған шешімдерін TikTok, Alibaba және Tencent сияқты ірі технологиялық компаниялар қазірдің өзінде пайдаланып отыр. 2026 жылы Huawei Kazakhstan өңірде бұл бағытты белсенді түрде дамытып, аппараттық инфрақұрылымды бағдарламалық шешімдермен, салалық қосымшалармен және серіктестердің интеграциялық сервистерімен біріктіруді көздейді.
Инновациялар біздің басты басымдығымыз болып қала береді: жаһандық табыстың 126 миллиард долларының 27 миллиарды зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталды. Бүгінде қызметкерлеріміздің 55%-ы дәл осы салада жұмыс істейді. Бұл бізге Wi-Fi 7 және деректерді сақтау жүйелері сияқты бағыттарда көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік береді. Біздің талшықты-оптикалық жобаларымыздың ауқымы соншалық, олардың жалпы ұзындығы Жер шарын 30 реттен астам айналып шығуға жетеді", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan корпоративтік бизнес бойынша сату директоры Чэнь Вэй.
Серіктестік модельдің практикалық құндылығын қаржы секторындағы Unified Technologies компаниясының кейсі көрсетті. Компания Қазақстандағы филиалдық желісі кең ірі банк үшін іске асырылған жобаны таныстырды. Команда алдында бөлінген банктік инфрақұрылым үшін тұрақты, жоғары өнімді, ауқымдалатын және қорғалған желі құру міндеті тұрды. Жобада Huawei-дің SD-WAN, Campus Network, Data Center Network және Firewall негізіндегі шешімдері пайдаланылды. Нәтижесінде клиент тұрақты желілік инфрақұрылымға қол жеткізіп, шығындарын оңтайландыра алды.
Компания серіктестермен практикалық жұмысты күшейтетінін де атап өтті. Қазірдің өзінде Қазақстанда 300-ден астам бірлескен воркшоп өткізілді және 50-ден астам POC-жоба жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Huawei оқыту бағдарламаларын, демонстрациялық жобаларды, бірлескен маркетингті, техникалық сараптаманы және сатуды қолдау бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.
Тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастық ережелерді сақтау, адалдық пен ашықтықсыз мүмкін емес. Біздің басымдығымыз - серіктестердің мүдделерін қорғау және әділ орта қалыптастыру. Біз өзара тиімділік пен бизнесті жүргізудің жоғары стандарттарын сақтау ғана Қазақстанның бүкіл цифрлық экожүйесінің тұрақты өсімінің кепілі екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бақылау және қадағалау жөніндегі директоры Ли Чэнь.
2026 жылы Huawei Kazakhstan компаниясының коммерциялық бизнесі қаржы секторына, білім беру саласына және IT бағытына ерекше назар аударады. Сонымен қатар компания цифрлық трансформацияға, инфрақұрылымдық шешімдерге және процестердің тиімділігін арттыруға сұраныс өсіп жатқан басқа салалармен де жұмысты жалғастырады.
Конференция қорытындысы бойынша Huawei Technologies Kazakhstan серіктестік экожүйені елдің цифрлық трансформациясының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамытуды жалғастыратынын растады. Компания серіктестерімен бірге Қазақстан мен Орталық Азия нарығында заманауи АКТ, ЖИ және салалық шешімдерді енгізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 15:21 213141
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады
Достарға айту
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 14:14 213396
Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаңсақтау қажеттігіне назар аударады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлары тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген.
Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді.
Сондай-ақ журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз.
Осыған орай қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.
Сонымен қатар, ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады.
Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:15 213961
Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды
Достарға айту
Алматы облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында болған.
- Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.
Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 15:40 290241
Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Алматы қаласында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар көшеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз.
Түзетілген қозғалыс сызбалары
№16
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - әрі қарай соңғы аялдамаға дейін;
- Батыс бағытта: Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№37
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№48
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№126
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - Қалдаяқов көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Қалдаяқов көшесі - Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№201
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№205
- Шығыс бағытта: Желтоқсан көшесі - Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі - Наурызбай батыр көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№206
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№209
-Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№210
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№224
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
Қорытынды:
Барлығы 10 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді.
Мерзімі:
2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 14:58 304976
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
Өскемен қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ұйымдастырылған "Қала көркін сақтайық" атты қалалық жастар акциясы өтті. Волонтерлер мен белсенді жастар қала көшелеріне шығып, қоғамдық орындарды заңсыз ілінген жарнамалық хабарландырулар мен парақшалардан тазартты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Акцияға "Қалалық волонтерлер фронт-офисінің" еріктілері қатысты. Жастар аялдама кешендерін, ғимараттардың қабырғаларын, бағаналарды және рұқсатсыз хабарландырулар жиі ілінетін басқа да қоғамдық нысандарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай парақшалар тек абаттандыру талаптарын бұзып қана қоймай, қалалық инфрақұрылымның сыртқы келбетіне де айтарлықтай кері әсер етеді. Уақыт өте келе ретсіз ілінген жарнамалар визуалды "шу" қалыптастырып, қаланың көркін бұзып, күтімсіз орта әсерін тудырады.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарды ортақ идея төңірегіне біріктіру: Өскеменді таза, жайлы әрі өмір сүруге тартымды қалаға айналдыру.
Жастар өкілдерінің айтуынша, осындай іс-шараларға қатысу жас буынның қоршаған ортаға және қалалық кеңістікке деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Біз қалаға деген қамқорлық әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келеді. Таза көшелер, жинақы аялдамалар мен ұқыпты қоғамдық орындар - тұрғындардың мәдениетінің айғағы. Бүгінгі акция тек қаланы заңсыз жарнамадан тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған", - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Урбанистика және абаттандыру саласындағы сарапшылардың пікірінше, заңсыз жарнама мәселесі көптеген қалалар үшін әлі де өзекті. Тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын хабарландырулар көбінесе аялдамаларға, ғимараттардың қасбеттеріне және жарық бағаналарына рұқсатсыз ілінеді. Нәтижесінде қалалық орта біртіндеп өзінің эстетикалық келбетін жоғалтып, қоғамдық кеңістіктер ретсіз ақпараттық алаңға айналады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Ал жастардың белсенді қатысуы заманауи әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға маңызды үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 15:57 311611
Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Достарға айту
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум - 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", - деді спикер.
Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.
Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", - деді О. Кодджаман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 11:55 388291
Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.
Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 09.05.2026, 10:26 13936Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады09.05.2026, 10:36 13431Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 11:45 4336Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
08.05.2026, 09:04 41921ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:20 23801Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді09.05.2026, 10:26 13936Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 13701Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 13431Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
10.04.2026, 23:02 727636Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 474486Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474401Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474356Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462991Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

