30.11.2021, 20:13 43975

1 желтоқсаннан бастап қазақстандық жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салынады

1 желтоқсаннан бастап қазақстандық жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салынады
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - Елімізде қысқы дөңгелегі жоқ көлік иелері айыппұл төлейді.
 
Ертеңнен бастап ел аумағында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлейді, деп хабарлайды "Хабар 24"
 
Бұл талап бүгін ғана пайда болған жоқ. Бірнеше жылдан бері қойылып келеді. Қысқы дөңгелексіз жүрген көлік иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 14 585 теңге айыппұл салынады. Ал келесі жылы оның көлемі 15 315 теңге болмақ. 
 
Жол полициясы мұны қыстың үш айында талап ете алады. Мысалы желтоқсанның бірінен ақпанның аяғына дейін қысқы дөңгелекпен жүру міндет. 
 
Айыппұлдан бөлек ескертуге құлақ аспаған жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірінен де айырылуы мүмкін.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны