08.02.2023, 09:33 18591

2022 жылы Қазақстан жеті елге 10 жаңа әуе бағытын ашты

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты
2022 жылы Қазақстан жеті елге 10 жаңа әуе бағытын ашты
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан 2022 жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
 

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті. Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.
 

Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты. Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн. астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті", - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап Астана - Бейжің бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен ұшуды қайта бастау жоспарлануда.
 
Сондай-ақ, Алматы мен Бейжің арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны