07.03.2022, 17:25 19326

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында вандализм: күдіктілер ұсталды

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында вандализм: күдіктілер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - Алматы полициясы Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандарды ұстады.

Еске салайық, 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта Батырлар аллеясының тұғырынан екі әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны 4 наурызда белгілі болды. 

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді. Ұрылар бірден анықталды. Сондай-ақ, қысқа мерзімде олар айдаған көлікті анықтау мүмкін болды. Күдіктілер – үшеу, олар 25 және 26 жаста. Күдіктілер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары. Қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Олар шойын маңдайшалар мен әріптерді қабылдау пунктіне өткізу үшін ұрлап кеткендерін мойындады. Біз ұрланған мүліктің сатылу бағытын жедел анықтап, ұрланған заттарды сатып алуға қатысы бар тағы үш айыпталушыны анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары. Соңғы орын – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойындағы металл қабылдау пункті. Батырлар Аллеясынан алынған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған", - деді Медеу аудандықполиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 


Заттай айғақтар тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 44,5 келі болды. 

Сатып алушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы 1-бөлігі, яғни қылмыстық жолмен алынған мүлікті иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Олар да уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі: inform.kz


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны