22.06.2022, 16:10 7251

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 32 жаңа жағдайы анықталды

Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 32 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 014 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Жаңа жағдайлар анықталды: Нұр-Сұлтанда - 7, Алматыда - 18, Шымкентте - 1, Ақмола облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Атырау облысында - 1, БҚО-да - 1, Қарағанды облысында - 1, Қызылорда облысында - 1.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 20 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
22 маусымға КВИ-ден 225 адам (171 КВИ+ және 54 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 42 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 183 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 3 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 519 712 адам, 2-ші компонентпен - 9 299 406 адам вакцинацияланды. 4 709 894 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны