09.03.2021, 19:07 9241

33 мыңнан астам қазақстандық "Спутник V" вакцинасын алды

Нұр-Сұлтан. 9 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін 33 мыңнан астам адам алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 

Бірінші компонентпен вакцинацияланған адамдар саны - 33 279. Екінші компонентпен вакцинацияланған адамдар саны - 15 856", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Еске сала кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда медицина қызметкерлерін "Спутник V" вакцинасын қолдану арқылы коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Ақпан айының соңында аймақтарға Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген ресейлік вакцинаны жөнелту басталды. 1 наурыздан бастап республикада педагогтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін "Спутник V" вакцинациясы басталды.
 
Биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстанда өндірілген QazCovid - in препаратын қосу жоспарланып отыр, ол қазір клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде тұр.
 
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда "Спутник V"-дан қолайсыз көріністер тіркелмеген. Естеріңізге сала кетейік, "Спутник V" вакцинасы оны мақұлдаған елдер саны бойынша әлемде екінші болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны