21.04.2022, 17:40 25261

Қазақстандағы 50-ге жуық мектептің дәретханасы сыртта

Білім министрінің айтуынша, екі жыл бұрын еліміздегі мектептерде 2700-ге жуық дәретхана сыртта болған.
Қазақстандағы 50-ге жуық мектептің дәретханасы сыртта
Сурет: ktk.kz
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Балалардың құқығын қорғау комитеті заң бұзушылықтар туралы ақпарат жіберілетін сенім телефонын іске қосатынын айтты.
 
Білім министрінің айтуынша, екі жыл бұрын еліміздегі мектептерде 2700-ге жуық дәретхана сыртта болған. Бүгінде оның 50-і ғана қалды.
 

Бұл – үлкен прогресс. Бірақ сол 2700 мектепте, дәлірек айтсақ, көпшілігінде канализация да, су құбыры да болмағандықтан жұмыс өте қиын. Негізінен мұндай әжетханалардың көбі орталықтандырылған кәріз, су құбыры, кәріз құбырынан қоқысты шығаруға қажет құрал-жабдығы жоқ ауылдық елді мекендерде орналасқан", - деді министр Сенат аясында.

 
Министр кейбір мектептерде дәретханалардың барлығы бірдей жұмыс істемейтінін, онда қарапайым биотуалет мәселесі бар екенін де айтты. Сонымен қатар, олардың жағдайы да мәз емес.
 

Балалардың құқығын қорғау комитеті ҮЕҰ-мен бірлесіп WhatsApp және Telegram желісінде сенім телефонын ашып жатқанын хабарлаймын. Бебебі бұл балалар үшін өте қолайлы. Онда балалар, ата-аналар және мұғалімдер тиісті фотоларды жібере алады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен біздің комитет осындай заңбұзушылықтар болса, қадағалап, бақылайды", - деді Асхат Аймағамбетов.


Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың соңында ҚР-да мектептердегі көше дәретханаларын жою бойынша белсенді жұмыс басталды. Бұл Таразда жетінші сынып оқушысы мектептегі көше дәретханасында зорлық-зомбылыққа ұшырағаннан кейін орын алды.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны