07.06.2021, 22:49 12915

600-ден астам талапкер ҰБТ тапсыру кезінде бұзушылықтармен ұсталды

Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - 224 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 224 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.
 

Қазіргі таңда 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140", - деп хабарлады ведомствода.

 
Тестілеуге кіргізу кезінде тоғыз түлектің дене қызуы көтерілген. Бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны