11.03.2021, 16:58 11260

Биыл Экология министрлігі Шалқар көлінің түбін тазарту жобасын іске қосады

Көлдің таяз болуы климаттық жағдайлармен байланысты, Мұғалжар тауларының аумағында аз қарлы қыс өтеді, сондықтан жыл сайын жауын-шашын азаяды.
Ақтөбе. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде қалыптасқан жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today министрдің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған. Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсуде, қыста қар аз", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-де.

 
Аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтады. Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры, экология министрлігі басшысының айтуынша, өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады.
 
Министр сондай-ақ, биыл көлдің түбін тазалау бойынша жобаны іске асыру басталатынын хабарлады.
 

Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Мырзағалиев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны