11.06.2021, 22:00 9366

Экология министрлігі: Маңғыстаудан табылған өлі барыстың денесінде жарақат іздері жоқ

АҚТАУ. 11 МАУСЫМ - Маңғыстау облысында "Манашы" мемлекеттік табиғи қорығының аумағында, "Күйкентау" жерінен табылған өлі барыстың денесінде жарақат іздері жоқ, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жыртқыш өлген жерге келген мамандар оның денесінде жарақаттың, оның ішінде қарудың іздері жоқ екенін алдын-ала анықтады. Барыстың ұшасын сараптама үшін Атырауға тасымалдау жоспарлануда", - деді ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде.

 
Ведомство барлық ақпарат түскен сайын берілетінін қосты. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда жергілікті тұрғындар "Манашы" мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өлі барысты тапты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны