22.07.2021, 23:55 5799

Алматыда құрылыс салушылар жобалардың қоғамдық талқылауын өткізуге міндеттеледі

АЛМАТЫ. 22 ШІЛДЕ - Алматыда құрылыс салушылар құрылыс жобаларына қоғамдық талқылау жүргізуге міндеттеледі. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Енді құрылыс салудың жаңа ережелерін қабылдағаннан кейін құрылыс салушылар жобалау алдындағы құжаттаманы алғанға дейін құрылыс жобаларына қоғамдық талқылау жүргізуге міндетті. Эскиздік жобаны әзірлеу кезінде құрылыс салушы: ерекше құрылыстық реттеу аймақтарында регламентті сақтау (мысалы, орталықта); қабат санын қадағалау; әлеуметтік инфрақұрылымның болуын есепке алу (медициналық мекемелер, балабақша мен мектептер, полиция пункттері) керек", - деді басқарма басшысы брифингте.

 
Сонымен қатар, ол енді құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде қала аудандарының халық тығыздығы ескерілетінін баса айтты.
 

Жаңа ережелер бойынша халықтың тығыздығы аспауы тиіс: - тарихи орталықта гектарына 300 адам; 440 адам - қалған аумақтарда", - деп түсіндірді спикер.

 
Спикер сондай-ақ, аула аумақтарының құрылысын болдырмау үшін бір адамға арналған аула кеңістігінің нормасы енгізілгенін хабарлады. Бұрын норма бір адамға шамамен 6-7 шаршы метр болатын. Барлық министрліктермен және реттеуші ведомстволармен келісілгеннен кейін бұл норма 10 шаршы метрге дейін көтерілді, бұл перспективада аула кеңістіктерінің құрылысын қысқартуға мүмкіндік береді.
 

Аула аймағын дамыту үшін бір адамға 10 шаршы метр аула нормасы енгізілгені маңызды, оның төрттен бір бөлігі жасыл желектерге бөлінеді. Неліктен қандай да бір нысан Ережеге сәйкес келмейді деген сұрақтарға келетін болсақ, Ережелердің барлық талаптары тек жаңа құрылысқа ғана қолданылатынын еске саламын, өйткені заңның кері күші жоқ", – деді Алматының бас сәулетшісі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны