03.08.2021, 21:19 7273

Ақмола облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

КӨКШЕТАУ. 3 ТАМЫЗ - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қорғалжын ауданында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған "Юный орнитолог" әлеуметтік жобасы іске қосылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жобаны Қорғалжын экологиялық обсерваториясы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты аясында Қорғалжын ауданы әкімдігімен серіктестікте жүзеге асыруда, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
 
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, жобаны іске асырудың мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға тең мүмкіндіктер беру, балалардың осы санаты үшін экологиялық білім беру бойынша озық білім беру бағдарламаларын бейімдеу, балалардың бос уақытын сапалы өткізу және ой-өрісін кеңейту үшін алаң құру, қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру проблемаларына аудару болып табылады.
 
Жобаға қатысушылар - 10-18 жас аралығындағы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жастар.
 

Жоба аясында шілде айының соңында орнитологиялық орталық пен Қорғалжын қорығына ауданнан және Нұр-Сұлтан қаласынан 60 бала барып, оларға үш күндік оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді, қатысушылар ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша жіберілді", - деп бөлісті ведомствода.

 
Бұл әлеуметтік жобаның авторы Қорғалжын экологиялық обсерваториясының жетекшісі Құралай Түспекова.
 

Қорғалжын экологиялық обсерваториясында балалар мен жастарға арналған құстарды бақылау бағдарламасы әзірленіп, екі жыл сәтті жүзеге асырылуда, ол кәсіби орнитологтар мен экоактивистердің жоғары бағасына ие болды. Бұл бағдарлама есту және көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға бейімделген, ал күрделіліктің бірінші деңгейі бағдарламаны ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында балалар тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен теориялық курстан өтті, орнитология, энергия үнемдеу, табиғаттану негіздерін зерттеді, табиғи ортада құстарды бақылаудың практикалық курсын игерді, театр құзыреттілігі арқылы құстарды зерттеді", - деді жоба авторы.

 
Жалпы, жоба аясында 100-ге жуық баланы қамту жоспарлануда, оның ішінде еліміздің басқа өңірлерінен. 
 
Жоба қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде арнайы құрылған чаттарға қосылады, онда олар оқып жатқан сала бойынша бейімделген оқу материалдарымен және жаңалықтармен сөйлесе және таныса алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны