16.09.2021, 19:20 8236
ЮНЕСКО желісіне Көлсай көлдері қорығы енгізілді
Достарға айту
АБУДЖА. 16 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 15 қыркүйекте ЮНЕСКО қазақстандық "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық "Көлсай көлдері" өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.
Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.11.2023, 16:34 6141
Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды
Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы
Достарға айту
Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратура органдары алименттерді өндіріп алу мәселесіне ерекше назар аударады және үйлестіру шараларымен сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді.
Осы бағытта екі жыл ішінде прокуратурамен 236 мәжіліс, алқа және үйлестіру кеңестері өткізілді.
Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы.
Жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейдт, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар).
Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.
Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде проблемалық іс жүргізулердің санын үштен біріне дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін.
140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді.
Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.
Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және т.б.
Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады.
Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 төлемеушіні анықтады.
Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілді.
Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:31 6341
Астанадағы жаңа көпір көлік кептелісін қанша пайызға азайтты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елорда тұрғындары Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір арқылы жиі қатынайды. Бұл көпір көшелердегі кептелісті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала даңғылындағы көпір тиісінше 15%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа көпірдің арқасында Мәңгілік ел даңғылының Ұлы Дала даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесі аралығында көлік нөпірі тәулігіне орта есеппен 19%-ға азайғаны байқалады. Сондай-ақ, таңертеңгі қарбалас сағаттарда 14%-ға, ал кешкі қарбалас уақытта 5,5%-ға төмендеуі байқалады.
Мәңгілік ел даңғылының бойында Керей Жәнібек хандар көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде (солтүстік бағытта) кептеліс кешкі уақытта 11,8%-ға, оңтүстік бағытта 8,2%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі уақытта 21,2%-ға төмендеуі байқалады (оңтүстік бағытта).
Сондай-ақ, көпірдің Түркістан көшесіндегі көлік кептелісіне де оң әсерін ерекше атап өтуге болады. Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесі аралығындағы Түркістан көшесінде қарқындылықтың тәулігіне төмендеуі солтүстік бағытта - 12,5%. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі қарбалас уақытта 21%-ға, кешкі уақытта-17%-ға төмендеуі байқалады.
Деректерді "Sergek ITS" талдау, мониторинг және көліктік болжау бойынша Интеллектуалды көлік жүйесі арқылы мамандар дайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік көпірі Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сол сияқты өзге көшелердегі кептелісті едәуір сейілтуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Көпір сегіз жолақты - екі бағытта төрт жолақтан. Көпірдің шет жақтарында жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Ал көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:25 6531
Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады
Достарға айту
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:
№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент" - астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары жүреді.
№203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2" - бес рейс "Нұрлы жол" вокзал кешенінен 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары жүреді. Алматыдан 2-16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары жүреді.
Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.
Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген. Пойыз елордадан биыл 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта - 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында шығады", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 15:08 7231
Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр
Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды
Достарға айту
Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк.
Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.
Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.
UPD: Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты. Ол күндіз көшелерді аралап жүріп, түнде қараусыз қалған гараждарда түнегені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Қазіргі таңда ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Полиция департаменті Zello poisk еріктілеріне жасөспірімді іздеуге көмектескені үшін алғысын білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 21:42 13691
Үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Елімізде үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" атты жыл сайынғы республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты - әйелдер мен балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту қызметтерін ұсынатын мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге өз құқықтары туралы көбірек білуге және оларды пайдалануға көмектеседі, сонымен қатар агрессорға қалай әсер ету керектігі туралы айтады. Үш күн ішінде 800-ден астам қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Олар мобильді акциялар, флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және тағы басқа жиын өтті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді. Оларға осы саладағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіретін жадынамалар, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының байланыстары және "111", "150" сенім телефондары беріледі. Бүгінгі таңда 170 мыңнан астам осындай үлестірме материал таратылды. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жаппай болатын орындарында құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша билбордтар орнатып, плакаттар мен маңдайшалар орналастырды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.
Акция басталғаннан бері полицейлер есепте тұрған 63 мыңнан астам адамды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін 9,5 мың адамды, сондай-ақ 5 мыңнан астам әлеуметтік осал отбасын тексерді. Тексеру барысында 400-ден астам адам жауапқа тартылды, 325 қорғау ұйғарымы шығарылды, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 62 ерекше талап қойды және 104 қолайсыз отбасы есепке қойылды. 2 мың бұзушылық анықталды, оның ішінде 430 қорғау нұсқамасының шектеулерін сақтамау, 833 ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы бар. Полицияға түнде көшеде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз болған 5 мың кәмелетке толмаған бала жеткізілді.
Полиция әрбір отбасылық жанжал бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасау қаупін бағалау парағы толтырылатынын атап өтті. Қайталану қаупі жоғары отбасылар ерекше бақылауға алынады, олар бойынша жеке алдын алу жоспарлары жасалады. Мобильді топтарда 70 мыңнан астам отбасы бар, олардың 500-ден астамы өмірлік қиын жағдайға тап болды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жіберілді. Биыл акцияға 19 мың адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура және сот өкілдері, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, студенттер, ІІО қоғамдық көмекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен әртістер жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 21:34 13866
Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген. Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Олардың 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның көпшілігі вакцина алмаған балалар.
Қызылша аурулары барлық өңірлерде тіркелді, жоғары деңгей Шымкент пен Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.
Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың жиналуына байланысты биылғы қыркүйек айынан бастап сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқала бастады. Нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейі екі есеге өсті. Қараша айында қызылшаның 6 мыңнан астам жағдайы тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, стационарлық емдеуде 2375 бала ем алуда. Бүгінгі таңда төсек орынмен қамту жүктемесі - 59,5%-ды құрайды, 1 мыңнан астам орын резервте тұр. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейінгі - 15 бала бар.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылды, бұл вакциналанатындардың 84%-ын құрайды. Бұл ДДҰ ұсынымына сәйкес келеді. Жыл соңына дейін осы жас аралығындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.
Ауру ошақтарында 15,4 мыңнан астам адам шұғыл вакциналаумен қамтылды. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі бұрын егілмеген 63,2 мың балаға вакцинация жүргізілді. Сонымен қатар науқастардың 65%-ы 5 жасқа дейінгі балаларға тиесілі екенін ескере отырып, қараша айынан бастап 1 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау басталды, 94 мың адам қамтылды. Биыл барлығы 770 мыңнан астам балаға вакцина егілді.
Сонымен қатар қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынды. Бүгінгі таңда 500 мың доза келіп түсті, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы, қосымша иммундаудың тиімділігі 2005, 2015 және 2019 жылдардағы қызылшаның алдыңғы өршуі кезінде дәлелденді.
Премьер-Министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.
Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс", - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес екенін атап өтті және тиісті жұмысты күшейтуді тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет", - деді Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 16:53 13511
Алматының Наурызбай ауданына "Мектеп автобусы" жобасы бойынша 16 қосымша автобус бөлінеді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматының Наурызбай ауданында "Мектеп автобусы" жобасы аясында 27 автобус жүре бастады. Олар күн сайын 2400 оқушыны тасымалдайды, деп хабарлайды Gov.kz.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап 1000 балаға қосымша 16 автобус бөлінеді. Жалпы 3 400-ге жуық бала қамтылады", - деді Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева ӨКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, әкім биылғы 1 маусымда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Наурызбай ауданында көпсалалы инновациялық шығармашылықтың орталықтың ашылғанын атады.
Басты міндет - балаларымыздың ең жақсысын ұсыну. Жаңа орталық мектептерге жақын маңнан ашылды және жоғары стандарттар бойынша цифрландырудың білім беру технологияларымен жабдықталған. Қазіргі уақытта 2200 бала қамтылған", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2023, 20:28 21726
Астанада 28 қарашадан бастап балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау басталады
Достарға айту
Астана қаласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша Астана қаласының Мәдениет басқармасы 2023 жылғы 28 қарашада сағат 09.00-ден бастап балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау кезегін ашады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (5500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.11.2023, 12:49Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды 29.11.2023, 15:16 13041Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді29.11.2023, 17:00 10931Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды29.11.2023, 15:08 6991Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр29.11.2023, 16:25 6291Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
23.11.2023, 17:05 911912024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 87481Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86041Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84541Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75826Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203941Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189246Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186241Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154471Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144866Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті