17.09.2021, 21:21 8298

Көкшетаудың Достық үйінде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі қорытындыланды

КӨКШЕТАУ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Көкшетаудың Достық үйінде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі қорытындыланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының басшылары, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту орталығының өкілдері, ҚХА "Мың бала" жобасы аясындағы жалпы қазақстандық диктанттың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 
Тілдер онкүндігі аясында Достық үйі этномәдени орталықтармен және қоғамдық құрылымдармен бірлесіп 10-нан астам іс-шара өткізді. Олардың ішінде - оқушы және студент жастар арасында қазақ тілінен ашық диктант, домбырашы-вокалистер конкурсы, "Өзім туралы" интернет-акциясы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың жастарымен дөңгелек үстел, мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңдары, концерттер бар. Іс-шараларға 400-ден астам адам қатысты.
 
Онкүндіктің ең белсенді қатысушылары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының алғыс хатымен және "Қоғамдык келісім" КММ естелік сыйлықтарымен марапатталды.
 

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерінің, жастардың тілдер онкүндігін өткізудегі, мемлекеттік тілді көпшілікке таратудағы, этностар өкілдерінің тіл, мәдениет және Қазақстан халқының салт-дәстүрлері туралы жарқын демонстрация өткізудегі жоғары белсенділігін атап өткім келеді. Барлық қатысушыларға табыс тілеймін", - деді облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев.

 
Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен қалалық мәдениет бөлімінің қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны