29.09.2021, 19:40 34745

Жақсылықов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны