08.11.2021, 14:26 72712

Тоқаев Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Тоқаев Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты
Сурет: Ақорда
ҚАРАҒАНДЫ. 8 ҚАРАША - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
 

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті", - деп жазады Ақорда.

 
7 қараша күні сағат 08:24-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Абай" шахтасында кенет көмір мен газ лақтырылды. Апат кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеді, оның сегізі кенжарда болды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты. Әкім кеңес өткізіп, қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге уәде берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны