11.11.2021, 19:03 22825

Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылған кезде төлемді және мүгедектік бойынша жәрдемақыны тағайындау жөніндегі қызметтерді алу процесі жеңілдетілді

Енді бұл қызметтердің көрсетілгенін растау үшін 1 SMS-хабарлама жеткілікті.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАРАША - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау" және "Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" проактивті қызметтерін алуды жеңілдетті. Енді бұл қызметтердің көрсетілгенін растау үшін 1 SMS-хабарлама жеткілікті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұрын жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу процесі екі SMS-хабарламаны қамтитын: проактивті сипатта мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келісім беру және пайдаланушы төлем немесе жәрдемақы алғысы келген банктік шоттың 20 таңбалы IBAN нөмірін жіберу.
 

Енді қызмет көрсету банкін таңдауды растау мемлекеттік қызмет көрсетуге автоматты келісім болып табылады", - деп түсіндірді ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтердің жаңа өзгертілген сипаттағы реинжинирингі шеңберінде мынадай проактивті қызметтер іске қосылды: "Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау", "Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау", "Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау" және "Асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау".
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны