17.11.2021, 19:07 70917

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, бірқатар жолдар жабылды

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, бірқатар жолдар жабылды
ТАРАЗ. 17 ҚАРАША - Оңтүстік Қазақстан өңірінде қарлы боран жауды. Автожолдардың жекелеген учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Шымкент қаласында боран жауды. Қала полицейлері азаматтарды сақ болуға шақырды.
 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ауа-райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.

 

Жамбыл облысының аумағында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюіне байланысты көлік жүргізу қауіпті болып келеді, өте мұқият және сақ болу керек. Жамбыл облысының полиция департаменті жолдардағы қауіпсіздік үшін азаматтарды ауа-райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеңіз, қажет болған жағдайда көліктің балама түрін қолданыңыз", - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті Instagram-паблик парақшасында.

 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Жамбыл облысында 2021 жылғы 17 қараша күні сағат 16.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолда көрудің нашарлауы) "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 160-238 шақырымында, атап айтқанда, Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
 
Алматы қаласында да қар жауа бастады. Қалада 191 құм шашқыш жұмыс істеуде.
 

Қар тазалауға барлығы 554 арнайы техника мен 1 482 жол жұмысшысы жұмылдырылды", - деп хабарлайды Алматы ӨКҚ.

 
 

Қалалықтардан тыныштық пен мұқият болуды, үйден ерекше қажеттіліксіз шықпауды сұраймыз", - деді Жамбыл облысы ПД өңір тұрғындарына.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны