10.12.2021, 19:53 190772

Мереке күндері Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы желтоқсан мерекелері - ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады.
Мереке күндері Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады
Сурет: ҚТЖ
НҰР-СҰЛТАН. 10 ЖЕЛТОҚСАН - "Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы желтоқсан мерекелері - ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мереке күндері келесі қосымша пойыздар іске қосылады:
 
1) №202/201 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент" пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 02 және 07 қаңтарда, кері Шымкент станциясынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда жөнелтіледі. 
 
2) №204/203 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1" пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 04 және 09 қаңтарда жөнелтіледі.
 
3) №206/205 "Ақтөбе-Қызылорда" пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.
 

Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады", - деп атап өтті компанияда.

 
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалану қажет.
 

Карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол жүргенде және еліміз вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны