Система Orphus

Жануарларды қорғаушылар: Өскеменде иттер жаппай атылуда

21.12.2021, 19:27 80756
Жануарларды қорғаушылар: Өскеменде иттер жаппай атылуда
Сурет: Литер
ӨСКЕМЕН. 21 ЖЕЛТОҚСАН - Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған.
 
Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап, нәтижесінде ол алған жарақат салдарынан қаза болған. Дегенмен, оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 млн теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған. Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24
 

Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адамдар қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді", - деді ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.


 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны