27.12.2021, 17:22 12016

Көкжайлау шатқалында жарақат алған бойжеткен құтқарылды

Қыз бір топ туристермен бірге туристік бағыт бойынша тауға шыққан, тік мұзды беткейде, кері жолда ол аяғын қайырып алды.
АЛМАТЫ. 27 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Көкжайлау шатқалында аяғын қайырып алған қызды құтқарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
26 желтоқсан күні сағат 15:15-те ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел кезекшісіне Көкжайлаудан түсіп келе жатқан бойжеткеннің аяғын қайырып алып, оны төменге түсіру керектігі туралы хабарлама келіп түсті. 7 адамнан құрылған РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде кинологиялық есеп дереу оқиға орнына тауға шықты. Қызды жұмсақ зембілмен және жіптердің көмегімен төмен түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. 
 

Анықталғандай, 2000 жылы туған қыз бір топ туристермен бірге туристік бағыт бойынша тауға шыққан, тік мұзды беткейде, кері жолда ол аяғын қайырып алды. Құтқарушылар келгенге дейін жанында құрбысы болды", - деп нақтылады ведомствода.

 
РЖҚЖ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік шараларын еске салады. Есіңізде болсын, таулардағы температура әр 100 метр сайын 0,5 градусқа, кейде градусқа дейін төмендейді. Жылы, су өткізбейтін киім киіңіз, ыстық сусындар алыңыз, арнайы тау аяқ киімін киіңіз. Болжамды бағытыңыз жайлы мүмкіндігінше көбірек білуге тырысыңыз. Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды, қайтып келу уақытынызды хабарлап және жалғыз тауға бармағаныңыз абзал.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны