04.03.2022, 11:55 39236

Эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды

Эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды
НҰР-СҰЛТАН. 4 НАУРЫЗ - Украинадағы қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ түнде Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды.
 
Әуе бортында шамамен 130-дан аса жолаушы болды. Әуе кемесі Польшаның Катовице қаласынан, ұшып шыққан. Әуежайда жерлестерімізді, біздің журналистер де күтіп алды. Қақтығыс алаңынан елге аман оралған отандастарымыз, бастан кешкен қиыншылықтарымен бөлісті, деп хабарлайды "Хабар 24"

 

Өте қорқынышты болды. 24-і күні таңертең Киевте жарылыстар естідім. Соғыс басталғанын жариялады. Қайда барарымызды білмей қалдық, барлық жер, әуежайлар жабық болды. Адамдар жан-жаққа қашып жатты, кептелістер көп, барар жеріміз қалмай, сонда қонып шықтық, түнімен жарылыстар естілді, қатты қорқықтық. Таңертең елге кетуге бел будық. Жолдасым украиналық болғандықтан сонда қалды", - деді жолаушы Дана.

 

Мен Киевтің өзінде болдым. Киевтің солтүстігіне диверсанттар тобы келе бастағанда мен дайын болдым. Жарылыстан оянғаным есімде, жеке заттарымды жинап, бірден қозғалдым. Бірдеңе басталғанына жұрт сене алмады. Зымырандар жерге түсуге үлгермей, ауада жарылып жатты", - деп айтты қазақстандық Артем Шалхаков.


 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны